Жаңалықтар

21.09.2020
2020 жылдың 17 қыркүйегінде кәсіпорын аумағында, 2020 жылдың 8 айында ыстық сумен жабдықтау және жылыту қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметалардың орындалуы туралы баспасөз туры өтті. 
18.09.2020

"2020 жылдың қыркүйегінде "Өскемен жылу жүйелері" АҚ балансына Жаңа-Ахмер ауылындағы №105 қазандық берілді. Берілетін мүлік кешенінің құрамына мыналар кіреді: қазандық ғимараты, қосалқы жабдығы бар 6 қазандық агрегат, 5217 м.п. жылу желілері. Қазандықтың орнатылған қуаты 8,52 Гкал/сағ құрайды. Тұтынушылар саны: жеке тұлғалар- 922, заңды тұлғалар- 16.
04.09.2020

«ӨК ЖЭО» ЖШС-нің жылу көзіне қосылған барлық тұтынушылар, 2020 жылғы қыркүйектің 1-нен бастап, келесі талаптарды орындаған жағдайда, қалаған күні ішкі жылыту жүйелеріне қосыла алады:

01.09.2020

«ӨК ЖЖ» АҚ жеке кабинеті арқылы техникалық мәселелер бойынша өтінім беру туралы

18.08.2020
Құрметті тұтынушылар! "Өскемен жылу жүйелері" АҚ Сall-орталығының нөмірі 560-566 болып өзгертілді.
15.07.2020
Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, коронавирус жұқпалы ауруының пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында, Сізден мүмкіндігінше «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның филиалдарына баруды тоқтатуды сұраймыз.

Сізге қашықтықтан қызмет көрсетуді, атап айтқанда:
- «УК ТС Личный кабинет» мобильді косымшасы;
www.ukteplo.kz сайты;
- сall-орталық 700-202 (8.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері);
- тәулік бойы дауыс поштасы 560-900;
info.ukts@ukteplo.kz электрондық поштасы;
- +7 777 535 52 69 немесе +7 702 224 24 80 нөмірлері бойынша СМС-хабарлама.

Сонымен қатар, жылу энергиясы үшін төлемді төлем терминалдары, банктік мобильдік қосымшалар арқылы, банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері арқылы жүргізуге болатынын еске саламыз.

Сізден келесі ережелерді сақтауды сұраймыз:
- ғимаратқа тек 2 адамнан қорғаныш маскаларымен кіруге;
- кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтауды.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ: 8.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі, жексенбі- демалыс күндері.

15.07.2020

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ Н. Назарбаев даңғылының жүру жолында орналасқан жылу камераларын жоспарлы жөндеуге байланысты 20.07.2020 ж. бастап 30.08.2020 ж. дейін Н.Назарбаев даңғылының 2-ден 14 үйге дейін автокөлік қозғалысы шектелетінін хабарлайды.

Жұмыс жасау барысында көлік қозғалысы Н. Назарбаев данғылының тақ санды жағымен ұйымдастырылатын болады. Сіздерден уақытша шектеулер мен қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.