Негізгі мәліметтер
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі-«ӨЖЖ» АҚ) 40 жыл бойы жүз мыңнан астам тұтынушыларды жылу энергиясымен жабдықтаумен, жеткізумен, таратумен және табыстаумен айналысады.
Жылу желілерінің ұзындығы 449,239 км құрайды, қоғамның теңгерімінде 11 орталық жылу пункттері, 15 айдау сорғы станциялары және белгіленген қуаты 224,52 Гкал/сағ 8 қазандықтар бар. Қоғамда барлығы 700-ден астам маман жұмыс істейді. Өскемен қаласының тұрғындары үшін «ӨЖЖ» АҚ-ы шағын қазандықтары жылына шамамен 308 083 Гкал жылу энергиясын өндіреді, жылына тағы 2 176 408 Гкал жылу энергиясын «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нен және «Согра ЖЭО» ЖШС-нен сатып алынады. «ӨЖЖ» АҚ-ның тұтынушылар саны 120 116, оның ішінде: тұрғындар саны 116 492 заңды тұлғалар саны 3 624 құрайды.
«ӨЖЖ» АҚ-ның Жалғыз акционері Өскемен қаласының әкімдігі болып табылады.
Өскемен қаласы әкімдігінің 26.04.2012 ж. №941 қаулысымен «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ «ӨЖЖ» АҚ-ның құрылтайшысы болуға уәкілетті.
Өскемен қаласы әкімдігінің 05.07.2013 ж. № 39 қаулысымен «ӨЖЖ»АҚ-ның акцияларының 100% пакетін иелену және пайдалану құқығы «Өскемен қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не берілді, ол ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес «ӨЖЖ» АҚ-на қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып айқындалған.
Кәсіпорынның тарихы
«Өскемен жылу жүйелері» өз қызметін 1982 жылдың 19 қарашасында бастады. 1983 жылдың тамыз айында «Өскемен жылу жүйелері» құрамына ӨК ЖЭО балансынан қабылданған жылу желілері және жер асты коммуникациялары цехы кірді, бұл жылу беру жүйесін және тұтынушыларымыздың географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Алайда, сол кезде Өскеменде тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету мәселелерімен бес энергиямен жабдықтаушы ұйым айналысты. 1997 жылы кәсіпорындар бірыңғай Алтай энергия жүйесіне біріктірілді, оны 1998 жылы AES корпорациясы басқарды. AES жаһандық корпорациясы - 100 миллионнан астам адамға қызмет көрсететін, әлемнің 28 елінде өндіруші және таратушы бизнестерді басқаратын ірі компаниялардың бірі. 2013 жылы «ӨЖЖ» АҚ мен AES корпорациясы арасында басқару шарты аяқталды. Жылу желілері Өскемен қаласының ТКШ мекемесінің басқаруына берілді.
Қазіргі уақытта «ӨЖЖ» АҚ-ның құрамында «Өскемен ЖЭО» ЖШС жылу көздері, «Согра ЖЭО» ЖШС базасында орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі және Сол жағалау ауданының, Аблакетка кентінің, Меновное ауылының, Аэропорт шағын ауданының, Аварийный кентінің және Ново-Ахмер ауылының қазандықтары бар. «ӨЖЖ» АҚ-ның басым мақсаты - жоғары үнемділікпен, өндіріс сенімділігімен біздің тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру, қолайлы қоршаған ортаны сақтау және жұмыстарды қауіпсіз орындау болып табылады.
Жетістіктер
- 2010 жылдың 8-тамызы күні «ӨЖЖ» АҚ-ның акциялары ҚР қаржылық нарықты реттеу және қадағалау бойынша Агенттікте орналастырылып, сол жылдың 12-мамырында жарғылық капиталымен бірге ойдағыдай мемлекеттік тіркеуден өтті.
- 2008 жылдан бастап кәсіпорынның қызметі еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарға сәйкестігін бекітеді. 2011 жылдың маусым айында кәсіпорын сапа менеджментінің жүйесін енгізу және қолдану бойынша сертификатын алды.
- Компания қызметкерлердің қауіпсіз еңбек етуіне үлкен көңіл бөледі. 2021 жылдың 28-қаңтар бойынша қызметкерлер өндірісте қайғылы жағдайсыз 182 күн қызмет атқарды.
Әлеуметтік жауапкершілік
Дәстүрге сай жыл бойы «ӨЖЖ» АҚ ұқыпты тұтынушыларын құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапаттап отырады:
- жыл көлемінде жылу энергиясына толығымен төлем келген тұтынушылар Жаңа Жыл мерекесіне орай алғыс хат алады. Ал Бірнеше жыл көлемінде жылу энергиясы үшін уақытында төлеп келген және ЫСҚ есептеу аспабын орнатқан тұтынушылар марапаттау сыйлықтарын алады.
- Жеңіс күні Мерекесіне орай ҰОС қатысушылар мен мүгедектер естелік сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болады.
Қайырымдылық жобалары
- Солнечный кентін төтенше жағдайдың салдарынан қалпына келтіруге қатысты (2010 жыл). Шығын 1,5 млн. теңгені құрады.
- Басқа AES бизнесімен бірлесе отырып күйік орталығының құрылысын жүргізді. Кәсіпорын 7,4 млн. теңге қаражат жұмсады.
- 873 000 теңге мөлшерінде шығындар ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалды.
- Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының құрғақ жемшөп сақтау қоймасын салуға көмек көрсетілді. Шығын 4 млн.теңгені құрады.
- AES басқа бизнесімен бірлесе отырып Семей қаласының бала бақшасын қалпына келтіруге қатысты. Бұл жобаға кеткен кәсіпорынның шығыны жылына 18 млн. теңгені құрады. Бала бақшаның салтанатты түрде ашылуы 2012 ж. өтті.
- Шығыс- Қазақстан облыстық қан орталығымен бірлесе кәсіпорын базасында «Донор күні» өтеді.
- 2020 Жаңа жыл қарсаңында «№32 орта мектебі» КММ оқушыларына спонсорлық көмек көрсетілді. Кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен «Мамандандырылған балалар уйі» ММ-не материалдық көмек көрсетіледі.
Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар
Бұйрық №00034-1 "Пандемия кезеңинде 'Өскемен жылу жүйелері' АҚ-да коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы"