Шаруашылық жүргізуші субъектілермен шарт жасасу

Шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, жеке тұлғаларға) бөлек тұрған ғимаратқа жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету шартын жасасу үшін келесу құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері қажет:

  • Банк деректемелерін, телефондарын және электронды пошта мекен-жайларын көрсете отырып, шарт жасасу туралы хат.
  • Заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік немесе жеке кәсіпкер куәлігі немесе патент.
  • Осы нысанды иелену құқығын растайтын құжат немесе жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына (берілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ағымында жарамды) тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама.
  • Тұрғылықты жері бойынша мәліметтер (үй-жайдың меншік иесінің тұратын мекенжайы бойынша).
  • Нысанға немесе жобаға түгендеу ісі.
  • Жылу желілерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі ( Рабочая к-сі 6/2,тел. 701-535 бойынша хабарласу қажет).
  • Техникалық шарттар (егер нысан алғаш рет қосылатын болса) ( Рабочая к-сі 6/2,тел. 701-535 бойынша хабарласу қажет).
  • Бухгалтерлік топтан - № 203 каб. жылу энергиясын нысаны бойынша (нысанның меншік иесі өзгерген жағдайда) берешегінің жоқ екендігі туралы салыстырып тексеру актісі.
  • Мемлекеттік мекемелер үшін – қаржыландыру жоспарының 151 ерекшелігі бойынша көшірмесін айларға бөліп, бюджеттік сыныптамалар коды (БКК) бойынша тарату арқылы беру.
Шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, жеке тұлғаларға) «Өскемен жылу жүйелері» АҚ көп қабатты тұрғын үйдің ішінде орналасқан бөлмені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету шартын жасасу үшін келесу құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері қажет:
  • Банк деректемелерін, телефондарын және электронды пошта мекен-жайларын көрсете отырып, шарт жасасу туралы хат.
  • Заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік немесе жеке кәсіпкер куәлігі немесе патент.
  • Осы нысанды иелену құқығын растайтын құжат немесе жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына (берілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ағымында жарамды) тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама.
  • Тұрғылықты жері бойынша мәліметтер (үй-жайдың меншік иесінің тұратын мекенжайы бойынша).
  • Нысанға немесе жобаға түгендеу ісі.
  • Берешектің жоқтығы туралы анықтама жылу энергиясы үшін жеке шот бойынша (М. Горький көшесі,61, кабинет № 112 ) немесежылу энергиясы үшін жылумен қамту шарты бойынша берешектің жоқтығы туралы салыстырып тексеру актісі (бухгалтерия № 203 кабинет).(нысанның меншік иесі өзгерген жағдайда ұсынылады).
  • Мемлекеттік мекемелер үшін – қаржыландыру жоспарының 151 ерекшелігі бойынша көшірмесін айларға бөліп, бюджеттік сыныптамалар коды (БКК) бойынша тарату арқылы беру.
Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету шартын жасасу үшін мына мекенжайға: М. Горький көшесі,61, №107 кабинет, жұмыс кестесі: дүйсенбі - жұма сағат 8:00-ден 15:00 дейін (түскі үзіліс 12:00-ден 13:00), сенбі, жексенбі - демалыс күндері, 70-17-64 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған Шарт