Корпоративтік басқару

ЕҚДБ-нің қарыз қаражаты және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен қаржыландырылатын «Өскемен қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде «Өскемен жылу жүйелері» АҚ төмендегідей іс-шараларды орындайды:

1. «Шығыс қазақстан облысы Өскемен қаласының жылу желілері учаскелерін күрделі жөндеу».

Жалпы сомасы-1 577 млн теңге. Қаржыландыру көзі - ЕҚДБ-ның қарыз қаражаты.
Жұмыстың басталуы - 2021 жылғы маусым.
Жұмыстар 2022 жылдың қыркүйек айында аяқталады.
Қазіргі уақытта 1 177 млн.теңге сомасына жұмыстар орындалды.

2. «Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы Меновное кентін орталықтандырылған жылумен жабдықтау».

Жалпы сомасы 2 327 млн теңге.
1 кезең. Құны - 701 млн. Теңге. Қаржыландыру көзі - ЕҚДБ-ның қарыз қаражаты.
Жұмыстың басталуы - 2021 жылдың маусымы.
Жұмыстың аяқталуы - 2022 жылғы желтоқсан.

2 кезең. Құны – 1 626млн.теңге. Қаржыландыру көзі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаражаты (бөлінбеген).
ҚР Үкіметінен бірлесіп қаржыландыру бөлінген жағдайда – жалпы жоба бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі -2023 жылдың 4-тоқсаны.
Қазіргі уақытта жобалық құжаттама жүргізілген түзетуден кейін мемлекеттік сараптамадан өтеді.

3. «Өскемен қаласының жылу сорғы станцияларын автоматтандыру жүйесін қайта жаңғырту».

Жалпы сомасы – 409,5 млн теңге. Қаржыландыру көзі - ЕҚДБ-ның қарыз қаражаты және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру.
Жұмыстар 100% аяқталды.

4. «Автомобиль және арнайы техниканы сатып алу».

Жалпы сомасы 509,3 млн теңге. Қаржыландыру көзі - ЕҚДБ-ның қарыз қаражаты және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру.
Аталған іс-шара аясында 15 бірлік арнайы техника сатып алынды.

Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік Куәлік
2022 жылға арналған «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның корпоративтік оқиғалар күнтізбесі Күнтізбе

Директорлар кеңесінің мүшелері
Саясат ӨЖЖ АҚ Дивидендтік саясаты