Төлем және есептеу

Көппәтерлі тұрғын үйлер

Жалпыүйлік жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған және оларды орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ үйлер:

Жылумен жабдықтау қызметі үшін есеп айырысу, жергілікті атқарушы органмен бекітілген нормаларға және уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтерге сәйкес жүргізіледі.
Жылу энергиясын тұтынудың нормасы – бұл жалпыүйлік есептеу аспаптары орнатылмаған үйлердегі 1 м² тұрғын үйді жылытуға қажетті жылу энергиясының орташа айлық көлемі. Бұл – есептеу аспаптары жоқ барлық көппәтерлі үйлер үшін ортақ орташа норматив. 2024 жылғы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің №133 Қаулысымен есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу және ыстық сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бекітілді.

I. Норматив бойынша жылытуға есеп айырысу:
Жылытуға есеп айырысу пәтердің техникалық жоспарына (техпаспорт) сәйкес жылытылады деп көрсетілген ауданын жылытудың бекітілген ақысының құнына көбейту арқылы жүргізіледі. Жылытуға ақы тариф пен 1 м²-ге жылу энергиясын тұтынудың бекітілген нормасы (7 немесе 12 айға) арқылы есептеледі:
  • 0,018879 Гкал/м² – бұл жылу энергиясын тұтыну нормасы, жылу энергиясы жылдың 12 айына бірдей үлеспен бөлінеді (1/12). Осы норманы пайдалану кезінде жылыту үшін төлем жыл бойы (шілдеден маусымға дейін) ай сайын бірдей үлеспен жүргізіледі.
  • 0,032364 Гкал/м² – бұл жылу энергиясын тұтыну нормасы, жылу энергиясы жылыту маусымының 7 айына (қазаннан сәуірге дейін) бірдей үлеспен бөлінеді. Осы норманы пайдалану кезінде төлем тек жылыту маусымы айларында бірдей үлеспен жүргізіледі.
II. Ыстық сумен жабдықтау (ЫСЖ) үшін есеп айырысу:
Жеке есептеу құралы (су есептегіш) болмаған жағдайда, ыстық сумен жабдықтау үшін есеп айырысу тұрғын үйде тіркелген адамдардың санына ыстық сумен жабдықтау қызметінің бекітілген төлем құнын көбейту арқылы жүргізіледі. Ыстық сумен жабдықтау қызметіне ақы – тарифті тұтыну нормасына көбейту арқылы есептеледі, норма бір адамға айына және су тұтыну категориясына байланысты белгіленеді.
Жеке есептеу құралы (су есептегіш) болған жағдайда, ыстық сумен жабдықтау бойынша тұтынушылармен есеп айырысу нақты есептегіш көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Ай ішінде пайдаланылған су мөлшері 1 м³ үшін бекітілген тарифке көбейтіледі.
Жоғарыда көрсетілген жылыту және ыстық сумен жабдықтау бойынша есеп айырысу тәртібі жалпыүйлік есептеу аспаптары жоқ үйлерге және жалпыүйлік есептеу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ үйлерге қатысты қолданылады.

Жалпыүйлік жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталған үйлер:

I. Жылыту үшін есеп айырысу:
Жылытуға есеп айырысу жалпыүйлік есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, жылу энергиясы тұрғын үйдегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың жылытылады деп көрсетілген аудандарына пропорционалды түрде бөлінеді, бұл 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

II. Ыстық сумен жабдықтау (ЫСЖ) үшін есеп айырысу:
Жеке есептегіш болмаған жағдайда, ыстық сумен жабдықтау үшін есеп айырысу тұрғын үйде тіркелген адамдардың санына және әр айдағы нақты есептеу аспабының көрсеткіштеріне сәйкес төлем құнына көбейту арқылы жүргізіледі.
Жеке есептегіш болған жағдайда, тұтынушылармен ыстық сумен жабдықтау бойынша есеп айырысу әр есеп айында 1 м³ судың нақты жылулық құрамын ескере отырып, жеке есептегіш көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі.
Есептеу аспабы істен шыққан жағдайда, тұтынушы тұтынылған жылу энергиясы үшін өткен жылдың осындай кезеңіндегі тәуліктік орташа тұтыну мөлшеріне сәйкес ақы төлейді, бірақ бұл бір айдан аспауы тиіс. Осы ай ішінде есепке алу қалпына келтірілуі тиіс (2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 30-тармағы). Бір айдан асқан жағдайда, есептеу аспабы орнатылған үйлерде есеп айырысу жылыту маусымындағы әр айға бекітілген айлық тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі.

Жеке тұрғын үйлер

Жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен (жылу есептегіштермен) жабдықталған жеке тұрғын үйлер
Жылумен жабдықтау қызметі үшін есеп айырысу: Жылумен жабдықтау үшін есеп айырысу жылу есептегіштің нақты көрсеткіштері мен бекітілген тарифтер негізінде жүргізіледі.

Жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен (жылу есептегіштермен) жабдықталмаған жеке тұрғын үйлер
Жылумен жабдықтау қызметі үшін есеп айырысу: Жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін есеп айырысу жеке жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету туралы келісімшартқа қосымшада көрсетілген жылу жүктемесінің жылдық үлестірілуіне сәйкес жүргізіледі.

Заңды тұлғалардың объектілері

Жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен (жылу есептегіштермен) жабдықталған заңды тұлғалардың объектілері

Жылумен жабдықтау қызметі бойынша есептеу: Жылумен жабдықтау бойынша есептеу жылу есептегіштің нақты көрсеткіштері бойынша бекітілген тарифтерді қолдану арқылы жүргізіледі.

Жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен (жылу есептегіштермен) жабдықталмаған заңды тұлғалардың объектілері

Жылумен жабдықтау қызметі бойынша есептеу: Жылумен жабдықтау бойынша есептеу жеке шартқа қосымшадағы жылу жүктемелерінің жылдық бөлінуіне сәйкес есептік жүктеме негізінде жүргізіледі.

Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз