22.07.2021
2021 жылдың 26 шілдесінен бастап М.Горький, 61 көшесінде орналасқан Тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығында тұтынушыларды қабылдау бір сағатқа ұзартылғаны туралы, яғни, тұтынушылар дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылданатыны жөнінде хабарлауға қуаныштымыз. Жексенбі – демалыс күні.Сонымен қатар, жылумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес беру Менделеев, 13А және Қазыбек би, ½ көшелерінде орналасқан Тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығында дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүргізілетіні туралы еске саламыз. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.