Жаңалықтар

09.08.2019

Қызмет көрсету сапасын жақсарту және жеке жылуесептегіш құралының көрсеткішін дер кезінде жіберу мақсатында «Өскемен жылу жүйелері » АҚ кәсіпорынның ukteplo.kz сайтында Жеке кабинет арқылы жылуесептегіш құралының көрсеткішін жіберуді іске асырды.

Жеке сектор тұтынушыларына жеке жылуесептегіш құралының көрсеткіштерін жіберу үшін, кәсіпорынның ukteplo.kz сайтының Жеке кабинетінде тіркелуі қажет.

29.07.2019

"Өскемен жылу жүйелері" АҚ Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және 2018 жылдың 28 маусым айындағы жалғыз акционерінің шешімімен, хабарлайды, 2018 жылғы қызмет қорытындысы бойынша Жалғыз акционерімен шешім қабылданып,  дивиденд мөлшері бір акцияға 0,13 теңге мөлшерінде анықталып, 6 498 178,44 (алты миллион төрт жүз тоқсан сегіз мың жүз жетпіс сегіз) тенге 44 тиін мөлшерінде ақшалай қаражатты дивиденд төлеуіне жіберілсін.
Дивиденд төлеудің тәртібі мен нысаны: Қазақстан Республикасының салық заңнамасың ескере отырып, Өскемен қаласының бюджетіне қолма-қол ақшасыз аудару арқылы.

25.07.2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 150 бұйрығына, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25,26-баптарына сәйкес, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2019 жылғы 25 шілдеде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2019 жылғы 1 жартыжылдықтағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қызметтің қорытындылары туралы есеп жүргізілді.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ өз тұтынушыларын ақпараттандырды:

1. Инвестициялық бағдарламаларды орындау туралы. 1191,9 млн.теңге сомаға бекітілген 2019 жылға арналған инвестициялық бағдарлама «ӨК ЖЖ» АҚ іске асыру процесінде – конкурстар өткізілді, шарттар жасалды және жұмыстар басталды, бұдан басқа, 2,5 млн. теңге - 2018 жылға ауыстырылған іс-шаралар (жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы). 2019 жылғы инвестициялардың жалпы сомасынан 70% - дан астамы жылу желілерін жөндеуге және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге келеді, қалған 30% – қазандық жабдығын жөндеу, БӨАжА-ны қазіргі аналогтарға ауыстыру, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруға, ескірген жабдықтарды ауыстыру және жаңа жабдықтарды сатып алуға бағытталған қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар жасалды.
2019 жылғы ИБ бойынша жылу желілерінің учаскелерін жөндеу тұтынушыларды сенімді және сапалы жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді; учаскелер мен тұтынушының гидравликалық режимін жақсартады; жылу шығындарын азайтады. 2019 жылғы ИБ (8 986,6 т/к) бойынша ауыстырылған жылу желілерінің барлық учаскелерін жаңа оқшаулаумен ауыстыру кезінде жылу ысыраптарын төмендету 4 609,8 Гкал / жылды құрайды.
Қазандық жабдығын жөндеу бойынша іс-шаралар қазандық агрегаттарының ПӘК-ін 3,51% - ға арттыруға, табиғи отынды үнемдеуге, қазандықтың агрегаттарын тарту машиналарының электр энергиясын тұтынуын төмендетуге, қазандық жабдығының жұмыс сенімділігін арттыруға әкеледі.
Қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар: су жылытатын қазан жабдықтарының түтін газдарын тазарту жүйесін қайта жаңарту және күл ұстағыш қондырғыны жөндеу жөніндегі жұмыстар қазандық агрегаттарынан қатты отын күлінің шаңының шығарылуын жылына 14,18 тоннаға төмендетуге, сондай-ақ көміртегі қалдықтары лимиттерінің артуын болдырмауға мүмкіндік береді.
БӨАжА-ны қазіргі аналогтарға ауыстыруды іске асыру технологиялық процестерді оңтайландыру есебінен энергия ресурстарын пайдаланудың энергия тиімділігін арттыруға, өндірістегі ағымдағы ахуалға мониторингті және жедел талдауды жүзеге асыруға, отынды ұтымды жағуға, жүктеменің жиі және елеулі өзгеруі жағдайында технологиялық параметрлерді реттеу сапасын жақсарту есебінен колоагрегаттар мен қосалқы жабдықтар жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Реактивті қуатты өтеу құрылғыларын сатып алу қажеттілігі «Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 393 бұйрығына негізделген. Қуат коэффициентінің белгіленген орташа мәнінің сақталмауы өңірлік энергия беруші ұйымның («ШҚ АЭК» АҚ) «Электр энергиясын пайдалану ережелерінің» 52 т. 3 т.т. сәйкес «Өскемен жылу жүйелері» АҚ объектілерін ажыратуына алып келеді.
Энергиялық жағынан тиімді электр жабдықтарын орнату ҚР «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңының (2015-2019 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес) 8 бабы, 3 бөлімі 1 тармағының талабы болып табылады: №2 қазандықтың № 5 қазандық агрегатының түтін сорғыш электр қозғалтқышын қоректендіру үшін ЖТ орнату; №4 қазандығының бойлеріне желілік қондырғысына жиілікті түрлендіргіші бар сорғыны басқару шкафын орнату.

2. 2019 жылғы 1 жартыжылдықтағы «ӨК ЖЖ» АҚ қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы. «2019 жылдың 6 айында жиынтық пайда туралы есепке» сәйкес жиынтық табыс 4 224 млн.теңгені құрады. Шығындар барлығы 4 025 млн. теңгені құрады. Жарты жылдың қорытындысы бойынша ТПК бойынша шығындарды есепке ала отырып, кәсіпорынның таза пайдасы 199,7 млн.теңгені құрады.

3. 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы. Есепті кезеңде 1 080 мың Гкал жылу энергиясы сатылды. Реттелетін қызметтер толық көлемде және тиісті сапамен орындалады, бұл туралы жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігінің көрсеткіштері куәландырады. Аспаптық тұтыну үлесінің 5% - ға өсуі болды. Жабдықталу пайызы қазір 55,7% - ды құрайды, ал жыл басына 43,4% - ды құрады.

4. Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында «ӨК ЖЖ» АҚ-да тұтынушылардың 223 389 өтініші, оның ішінде жеке қызмет көрсету орталықтарына 44 085 (айына 7 000 астам өтініш) және Call-орталыққа 179 304 (айына 29 000 астам өтініш) тіркелді.   Тәулік бойы автожауапбергішке есептеу құралдарының 42 529 көрсеткіші қабылданды. www.ukteplo.kz сайтында 25737 пайдаланушы тіркелген. 2019 жылы жылумен жабдықтау сапасы бойынша тұтынушылардан 50 өтініш келіп түсті, жүргізілген талдау пайда болу себептерін анықтады және түзету іс-әрекеттері ұсынылды. Талдау өтініштердің себептері «ӨК ЖЖ» АҚ пайдалану жауапкершілігінің шектерінен тыс екенін көрсетті. Жылыту маусымына дайындық бойынша штаб жұмысы жүргізілуде.

        5. Бекітілген тарифтік сметаны баптар бойынша орындау. «ӨК ЖЖ» АҚ үшін қолданыстағы жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, жабдықтау үшін тарифтік смета 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген. «ӨК ЖЖ» АҚ-ның ӨК ЖЭО-нан жылуды сатып алуды есепке алғанда барлық шығындары 4 024,7 млн. теңгені құрады. ӨК ЖЖ қызметі маусымдық жұмыс сипатына ие, барлық сатып алу МС жоспарына сәйкес жүргізіледі, сондықтан ауытқуды жылдың нәтижелері бойынша бағалауға болады. Сметаның көптеген баптары бойынша шығыстар тапшылықпен бекітілген және 2019 жылдың соңына дейін қолданыстағы тариф шегінде түзетілетін болады.

6. Қызмет перспективалары, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы. «ӨК ЖЖ» АҚ 2019 жылға арналған жоспарларда - жоспарланған ағымдағы жөндеу, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау 1 192 млн.тг. күзгі-қысқы кезеңге 2019-2020 жж. әзірлігі паспортын алу. Сондай - ақ 2019 жылға арналған жоспарларда - қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша бірқатар іс-шараларды енгізу - сайтта және мобильдік қосымшада жеке кабинеттің функционалын одан әрі кеңейту, жылу есептегіштердің көрсеткіштерін беру мүмкіндігін іске асыру және кәсіпорын сайтындағы жеке кабинет арқылы өтінімдерді қабылдау (ЖЕА және т.б. пломбалау), дербес қызмет көрсету орталығында кеңсені ұйымдастыру, кәсіпорын сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» модуліндегі кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты толықтыру. Аталған барлық іс-шаралар «ӨК ЖЖ» АҚ тұтынушыларын үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз етуге және қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Стратегиялық тауарлардың (көмір, су, жылу энергиясы) құнын арттыруды қоса алғанда, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің өзгеруі мүмкін.

22.07.2019

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 150 бұйрығына, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25,26-баптарына сәйкес, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2019 жылғы 25 шілдеде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2019 жылғы 1 жартыжылдықтағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қызметтің қорытындылары туралы есеп жүргізіледі.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ өз тұтынушыларын ақпараттандырады:

31.05.2019
2013 жылдан бастап   "ӨЖЖ" АҚ ПИК және ЖІК арасында өз ісінің үздігі атағына байқау өткізіп келеді  Іріктеудің өлшемдері мынадай болып табылады:
29.04.2019

"Өскемен жылу жүйелері " АҚ Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп, "Өскемен қаласын жылумен жабдықтауды жаңғырту " жобасы аясында келесі компоненттер бойынша конкурс жариялайды:

        1. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы жылу жүйелері учаскелерінің толық жөндеуі.

       ЕҚДБ-дан қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын келісімшарттар ЕҚДБ-ның сатып алу саласындағы саясаты мен ережелеріне сәйкес жасалатын болады. ЕҚДБ қарыз қаражаты, егер мұндай төлемдер мен импортқа Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауының негізінде немесе заңның немесе Тапсырыс беруші елінің ресми қаулысының негізінде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тыйым салынса, жеке немесе заңды тұлғаларға қандай да бір төлемдер мақсатында немесе тауарлардың кез келген импорты үшін пайдаланылмайтын болады.

         Мүдделі тұлғалар Өнім берушілер мен Мердігерлерге жүгіну қажет:

"Өскемен жылу жүйелері" АҚ даму жөніндегі директоры Ерболат Сағынбекұлы Ноғайбаевқа, 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көшесі, 61, Факс: +7-7232-269343, эл. пошта: yerbolat.nogaibayev@ukteplo.kz

24.04.2019

"Өскемен жылу жүйелері " АҚ Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп, "Өскемен қаласын жылумен жабдықтауды жаңғырту " жобасы аясында келесі компоненттер бойынша конкурс жариялайды:

        1. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Меновое кентін орталықтандырылған жылумен жабдықтау;

        2. Өскемен қаласының жылу сорғы станцияларын автоматтандыру жүйесін қайта жаңарту.

         ЕҚДБ-дан қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын келісімшарттар ЕҚДБ-ның сатып алу саласындағы саясаты мен ережелеріне сәйкес жасалатын болады. ЕҚДБ қарыз қаражаты, егер мұндай төлемдер мен импортқа Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауының негізінде немесе заңның немесе Тапсырыс беруші елінің ресми қаулысының негізінде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тыйым салынса, жеке немесе заңды тұлғаларға қандай да бір төлемдер мақсатында немесе тауарлардың кез келген импорты үшін пайдаланылмайтын болады.

         Мүдделі тұлғалар Өнім берушілер мен Мердігерлерге жүгіну қажет:

"Өскемен жылу жүйелері" АҚ даму жөніндегі директоры Ерболат Сағынбекұлы Ноғайбаевқа, 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көшесі, 61, Факс: +7-7232-5269343, эл. пошта: yerbolat.nogaibayev@ukteplo.kz