Жаңалықтар

27.01.2022
Құрметті тұтынушылар!
Бағдарламаларды жаңарту бойынша техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты кәсіпорынның кассасы 2022 жылғы 27 қаңтар сағат 12.00-ден 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін жабық болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін төлемдерді қабылдау терминалдарын және интернет - банкинг қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.
26.01.2022
«ӨСКЕМЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ» АҚ-ы тұтынушылардың назарына ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 10.01.2022 ж. № 4-НҚ бұйрығы негізінде 2022 жылғы 1 ақпаннан 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес өзгеріссіз, яғни 2021 жылғы деңгейде, яғни ЖҮЕА жоқ тұрғындар үшін тарифтер – 3621,74 тг/Гкал, ЖҮЕА бар тұрғындар үшін – 1822,82 тг/Гкал, ескі үйлерде тұратын тұрғындар үшін – 3018,12 тг/Гкал (ҚҚС есебінсіз)  қалдырылғанын жеткізеді.
Құрметті тұтынушылар! Сіздерге Қазыбек би ½ мекен-жайы бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орнының эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты уақытша жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.Барлық сұрақтар бойынша М. Горький көшесі, 61 мекенжайы бойынша орналасқан дербес қызмет көрсету орталығына немесе т. 560-566 арқылы Саll -орталығына хабарласуға болады.
Құрметті тұтынушылар! «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Сіздерге тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығының 2022 жылдың қаңтар айына арналған жұмыс кестесі туралы хабарлайды:

- 1,2,3,4 (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі) қаңтар-демалыс күндері;
– 7 (жұма) - демалыс күні;
– 16 қаңтар-демалыс күні;
– 23 қаңтар-демалыс күні;
– 30 қаңтар-демалыс күні;

Сіздерді келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз және есептеу құралдарының көрсеткіштерін беру үшін Google Play маркетінде және App Store-де, сондай-ақ Whats App +7 707 150 99 41 және UKTSbot Telegram-да қолжетімді «УК ТС Личный кабинет» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз.
07.12.2021

Алдағы желтоқсан айының мерекелеріне байланысты сіздерге тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығы мен Call center-нің жұмыс кестесі туралы хабарлаймыз:

16, 17, 18, 19 желтоқсан (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) - демалыс күндері;

Сіздерді келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз және есептеу аспаптарының көрсеткіштерін беру үшін Google Play Маркетте  және App Store, сондай-ақ Whats App-та қол жетімді  «УКТС Личный кабинет» мобильді қосымшасын  және +7 707 150 99 41 UKTSbot Telegram-ды пайдалануды ұсынамыз.

29.09.2021
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі-«ӨЖЖ»АҚ) 28 қыркүйектен бастап Өскемен қаласында жылу беру маусымының басталуы жарияланғанын хабарлайды.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның 27.09.2021 ж. № 00461 бұйрығы және Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Д.В. Федченконың 27.09.2021 ж. № Шн-4/711 хаты негізінде, 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған объектілерінде, оның ішінде Жаңа Согра кентінің, Солнечный с. Радужный ауылының объектілерінде жылыту маусымының басталуы жарияланды.
Қосылу, өткен жылдардағыдай, жылу тұтыну объектілерінің техникалық дайындығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
№ 3, 4, 6, 7, 9 және 105 (Жаңа-Ахмер ауылы) қазандықтары қазандықтардың ең аз рұқсат етілген жүктемесін қамтамасыз ететін объектілердің дайындығына қарай қосылатын болады.
Үйге ортақ жылу есептегіш құралдары мен техникалық дайындық төлқұжаты бар үйлер 1 қыркүйектен бастап жылуға қосылды.
Кәсіпорынның ukteplo.kz сайтында тұтынушыларға арналған бөлімде, одан әрі жылыту маусымына дайындық тармақшасында көп пәтерлі тұрғын үйлерге қосылу күнін білуге болады.
08.09.2021
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы 2016-2020 жылдардағы бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын толық орындамау нәтижесінде алынған ҚҚС-мен өз тұтынушыларына 2 675 890,84 теңге мөлшерінде жүргізілген өтемақы туралы хабарлайды.

2 675 890 теңге мөлшеріндегі өтемақы сомасы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның  116 000 тұтынушылары арасында, оларды тұтынуға тепе-тең бөлінген және тарифті төмендету жолымен емес, 2021 жылғы тамызда бір реттік қайтарумен қайтарылған.
Әрбір тұтынушы қайтарудың нақты сомасын қайта есептеу бағанында тамыз айындағы өзінің есеп айырысу парағында көре алады.
Айыппұл сомасы ӘҚБК-не сәйкес бюджетке төленуге жатады және 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмей жүргізілетін болады.