28.01.2026
АО «Шығыс Жылу» өкілдері Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттерімен кездесті. Іс-шара аясында кәсіпорынның презентациясы өткізіліп, қатысушыларға компанияның қызметі, негізгі жұмыс бағыттары және даму перспективалары туралы ақпарат берілді.Дуальды оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге өндірістік практикадан өту, оқу мен жұмысты қатар алып жүру мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіпорында кейінгі жұмысқа орналасу перспективалары таныстырылды.


















