Компания тарихы

Компания тарихы

Өскемен қаласын орталықтан жылумен қамту тарихы 1950 жылы Өскемен ЖЭО-ның ұзындығы 1,3 км магистральды жылу желісінің құрылысының жасалуынан және пайдалануға берілуінен кейін басталды. 1963 жылы энергетиктер мен қаланың басшылығының бірлескен шешімімен жылумен қамтудың ашық жүйесі қабылданды, осы жүйе бүгінгі уақытқа дейін әрекет етеді.

«Өскемен жылу жүйелері» кәсіпорны 1982 жылы 19 қарашада «Алтайэенерго» ПЭО балансына берілген Өскемен жібек маталар комбинаты қазандығы қоры негізінде құрылды.

1983 жылы тамыз айында Өскемен жылу жүйелері құрамына ӨК ЖЭО жылу жүйелері мен жер асты коммуникациялары цехы кірді. Қазіргі уақытта орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі мен Сол Жақ жағалау мен Аблакетка кент., Меновное а., Аэропорт, Аварийный шағын ауд., (барлығы 7 қазандық) қазандықтары біріктіліліп «Өскемен жылу жүйелері» Акционерлік қоғамы бірлестігі болып құрылды. Бірлестік қызметтерді қайталауды жою мен жұмыс ресурсын одан да тиімді біріктіруге алып келді.

1997 жылы Алтай энергожүйесіне AES компаниясы келді. 1998 жылдан бастап кәсіпорын осы шетелдік компанияның басқаруына келді. 2013 жылы 1-маусымда басқару бойынша шарты аяқталып, «ӨЖЖ» АҚ Өскемен қаласының ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басқаруына көшті.

Қалыптасудың негізгі кезеңдері

  • Кәсіпорынның құрылған күні - 19.11.1982 ж;
  • Сол Жақ жағалау қазандықтарының қабылдануы – 1983ж.   наурыз, 155 адам қабылданды;
  • ӨК ЖЭО жылу жүйелері магистралін қабылдау – тамыз 1983, 45 адам қабылданды;
  • Аблакетка кент. қазандығын қабылдау - тамыз 1993, 45 адам қабылданды;
  • Алтайэнергодан жылу энергиясын тұтынушыларға сату мен есеп айырысуды қабылдау - мамыр 1997, 65 адам қабылданды;
  • Металлург кент. жылу жүйелерін қабылдау - ақпан 1999, 18 адам қабылданды;
  • Востоктеплоэнергодан Меновное, Аэропорт қазандықтары қабылданды - маусым 2001, 162 адам қабылданды;
  • Аварийный кент., ГЭС ауданы қазандықтары қабылданды - 1 қараша 2012 жыл.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ негізгі мақсаты

  • Өз қазандықтарында жылу энергиясын өндіру;
  • Жылу энергиясын жылу көзінен тұтынушыларға дейін өткізу және тарату;
  • Тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорын үшін ең қиын кезең 1983-1985 жж. оның қалыптасу кезеңіне сай келді. 50,7 км магистральды жылу жүйелерінің құбырлары мен бу құбырлары қабылданды, оның жартысынан астамының қызмет ету мерзімі 30 және одан да көп жылдан асқан еді. Олар өте ескірген және ауыстыруды қажет ететін жағдайда еді.

Бүгінгі күні қаланы жылумен қамту бойынша сенімді әрі тұрақты жұмыстар жүзеге асырылуда, барлық тұтынушылар тұрақты және сапалы түрде жылу энергиясы мен ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Барлық бұзылулар мен бүлінулер дер кезінде анықталады және жөнделеді.

ӨЖЖ АҚ негізін қалаушы – «Алтайэнерго» ПЭО бұрынғы Бас директоры Василий Вячеславович Хорохов.
Бірінші директор - Қоғабаев Талгат Толеуханович, басшылық ету кезеңі 1982-1988 жж.
Бірінші бас инженер - Рейсер Николай Николаевич 1983 - 1996 кезеңінде.