Құрметті жылу энергиясын тұтынушылар!
«Шығыс Жылу» АҚ Риддер қаласындағы филиалы Сізге ыңғайлы болу үшін жылумен жабдықтау (жылыту және ыстық су) қызметі бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету форматында цифрлық сервистер жұмыс істейтінін хабарлайды, мұнда:
· есептеу аспаптарының/су есептегіштердің көрсеткіштерін беруге;
· төлем сомасын білуге;
· салыстыру актісін/есеп айырысу парағын жүктеп алуға;
· есептеу аспаптарын/су есептегіштерін тексеру туралы ақпарат алуға;
· тарифтер туралы ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар.
ӨЗІҢІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ САНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАҢДАҢЫЗ:
· Play Market және App Store-да жүктеуге болатын «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасын;
· ukteplo.kz сайтынан жеке кабинет;
· WhatsApp +7 747 427 40 22 Чат-боты;
· Telegram uktsbot Чат-боты.
Көрсеткіштерді ай сайын беру қажет екендігіне назарыңызды аударамыз!
Сіз өзіңіздің жеке шотыңызды ukteplo.kz сайтындағы тұтынушылар / есепшот туралы ақпарат қойындысында (бұдан әрі Риддер қ. таңдаңыз) біле аласыз.
Бізді Instagram-да @ridder_teplo-дан таба аласыз. Парақшамызға жазылыңыз және қалаңыздағы жылу туралы барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз!