Орнату
Құрметті тұтынушы!
ҚР 09.07.1998 ж. №272-1"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Заңына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметті есептеу құралдарын сатып алуға және оларды орнатуға міндетті, ал реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін тұтынушылардың реттелетін коммуналдық қызметті есептеу құралдары болуы міндетті, қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу шартына сәйкес реттеліп көрсетілетін сатып алынған және орнатылған коммуналдық есеп құралы үшін уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге міндетті.
Алдымен Сізге орнату әдісін айқындау қажет. Сізге таңдау үшін бірнеше нұсқаларды ұсынамыз:
№ 1 тәсіл. Есепке алу аспабын «ӨЖЖ» АҚ бөліп төлеу арқылы орнату.
НАЗАР аударыңыз! Шартты тек пәтер иесі немесе тең иесі жасасуы мүмкін.
- Сізге кварталаралық жүйені тексеру үшін 701-722 вн.5391 тел.немесе М. Горький к. 61, № 108 каб. мекен-жайы бойынша өтінімді рәсімдеу қажет. Тексеру тегін жүргізіледі. Қосымша шығындар пайда болуы мүмкін құбырлардың, вентильдердің қанағаттанарлықсыз жағдайында және аспапты орнату үшін габариттік орынның болмауы кезде ғана (келісім-шартты жасасу алдында кемшіліктерді жою қажет) туындауы мүмкін. Тексеруден кейін Сізге Акт беріледі.
- Есептеу аспабын орнату үшін мына мекен-жайға М. Горький көшесі 61 бөл. № 114 шарт жасасу үшін есептеу құралын орнатуға хабарласу қажет. Өзіңізбен бірге болуы қажет: жеке куәлігі, пәтер иелігіне құқығын белгілейтін құжаттар және тексеру Актісі. Егер пәтердің иелену құқығын растайтын құжаттар банктің кепілінде болса, сізге ипотекалық несие беру келісім-шартын, пәтердің иелену құқығын растайтын көшірмелерімен (жекешелендіру шарты, сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту және т. б.), пәтердің техникалық төлқұжаты (жоспар), пәтерідің құжаттарының түпнұсқасы банкте екендігі туралы банктен анықтама немесе ХҚҚО-нан № 2 нысанды анықтама (1 күнге жарамды) ұсыну қажет. Есептеу аспабын орнату күнін мамандармен келісіңіз.
- Аспапты орнатқан соң бір ай ішінде «Өскемен-Водоканал» МКК пайдалануға қабылдау актісінің ксерокөшірмесін ұсыныңыз.
Аспапты бөліп төлеуге орнату құны (ҚҚС-ты ескере отырып):
Жиынтықта 1 есептегіш, 1 сүзгі, 1 шұра – 16 410 теңге
Төлем бір рет немесе 6 немесе 12 айға бөліп төленуі мүмкін.
№2 тәсіл. Монтаждау ұйымының есептеу құралын орнату оны пайдалануға беру арқылы.
-
Келесі ұйымның кез-келгеніне есептеу аспабын орнату күнін келісу және құнын нақтылау үшін хабарласыңыз:
Пломба жасайтын монтаждау ұйымының атауы Телефон «НПО Движение» ЖШС 25-22-22
8 706 422 52 25«Кузнецов и К» ЖШС 60-24-76
60-24-77
«Предприятие ВТИ» ЖШС 26-58-70 «Служба сервиса Добрыня» ЖШС 24-39-87 «Востокэнергосервис» ЖШС 77-25-11
52-09-90
«East Rich плюс» ЖШС 51-61-25
8-705-505-73-32
МТК Сервисная служба (ЖК Герасимов И. С.) 54-11-11 "ПМК"Добрыня" ЖШС 700-111
8-707-620-1212
8-776-620-1212«Доступный сервис» ЖШС 8-705-359-20-21 ТОО "ПромМетроСервис" 23-11-18
23-10-14
8 705 417 57 03 - Есептеу аспабын орнатқан соң осы ұйымның өкілі дереу пломбалайды және Сізге төлқұжатты, пайдалануға қабылдау актісін және «ӨЖЖ» АҚ және “Оскемен-Водоканал” МКК орнату туралы деректі өзі береді. Есептеу аспабы бойынша санау осы күннен басталады.
№ 3 тәсіл. Есепке алу құралын өз бетімен дербес орнату немесе монтаждау ұйымының күшімен, кейіннен «ӨЖЖ» АҚ өкілімен пломбалау арқылы.
-
Есептеу аспабын өз бетімен дербес орнатыңыз, немесе монтаж жасайтын кез-келген ұйымға хабарласыңыз.
- Орнатқаннан кейін 560-566 тел.арқылы қоңырау шалыңыз және аспапты пломбалау үшін «ӨЖЖ» АҚ "УКТС" бақылаушыны шақырыңыз. Бұл қызмет тегін жүргізіледі.
Есептеу аспабын пломбалау кезінде пәтерде жасы 18 жастан жоғары отбасы мүшесі қатысуы тиіс. Бақылаушы пломбалаудың алдында тексереді:
- батареяда шүмектердің болмауын;
- осы аспаптың төлқұжатының болуы;
- дайындаушы-зауыт пломбаларының сақталуын
- есептеу аспабын тексеру кезінде ыстық судың болуы, ал аяқталған құбырды монтаждау ас үйде және санторапта;
-дұрыс монтаждау мен техникалық шарттардың орындалуы: сүзгінің бар-жоғы, жалғануын тексеру, аспаптың бүтіндігі, механикалық зақымданулардың болмауы, конденсаттың болмауы.
Осы талаптар сақталмаған жағдайда есептеу аспабы кемшіліктер жойылғанға дейін пайдалануға рұқсат етілмейді (пломбаланбайды), бұл ретте кемшіліктердің тізілімі көрсетілген рұқсат бермеу актісі жазылады.
Барлық талаптары сақталған кезде есептеу асп абы пайдалануға қабылданған болып саналады, ол туралы 2 данада пайдалануға беру актісі жасалады (бірі иесінің өзінде қалады, екіншісі «ӨЖЖ» АҚ бақылаушына беріледі). Есептеу құралы бойынша есеп жүргізу пломбаланған күннен бастап жүргізіледі.
- Аспапты орнатқан соң бір ай ішінде «Өскемен-Водоканал» МКК пайдалануға қабылдау актісінің ксерокөшірмесін ұсыныңыз.
ТЕКСЕРУ
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЫСТЫҚ СУДЫҢ
ЕСЕПТЕУ АСПАПТАРЫН ТЕКСЕРУ
№1-әдіс. Есептеу аспабын шешпей (бөлшектемей) монтаждау ұйымының тексерісі.
1.1. Төменде есептеу аспабын шешпей тексеруді жүргізу үшін қоңырау шалуға болатын ұйымдардың тізімі келтірілген:
Монтаждау ұйымдардың атауы |
Телефон |
«НПО Движение» ЖШС
|
25-22-22 8 706 422 52 25 |
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ |
25-03-03 8 777 906 10 12
|
«Шығысэнергосервис» ЖШС |
77-25-11 52-09-90 |
«East Rich плюс» ЖШС |
51-61-25 8 705 505 73 32 |
«ПромМетроСервис» ЖШС |
23-11-18 23-10-14 |
«Доступный сервис» ЖШС | 8-705-359-20-21 |
Назар аударыңыз: тексеруідің осы әдісін таңдаған кезде есептеу аспабынан пломбаны шешу қажет емес!
Тексерудің бағасы монтаждау ұйымымен бекітіледі.
Тексеруден кейін монтаждау ұйымының маманы Сізге тексеру туралы төлқұжат береді, сонымен қатар өз алдына мәліметтерді “Ө ЖЖ” АҚ мен “Өскемен-Водоканал” МКҚ береді.
№2-әдіс. Аспапты шешу арқылы монтаждау ұйымының тексерісі.
2.1. Аспаптағы пломбны шешу үшін 560-566 телефоны бойынша “Ө ЖЖ” АҚ бақылаушысын шақырыңыз. Бақылаушы пломбаны шешіп 2 данада (біреуі аспап иесінде қалады, екіншісі “Ө ЖЖ” АҚ беріледі) пломбаны шешу туралы акт жасайды. Осы күннен бастап есептеу шығын нормасы бойынша жүргізіледі.
ЕСКЕРТУ: Көрсетілген мерзімге тексеру жасалмаған және осы әдісті таңдаған жағдайда пломбаны өз бетінше шешуге болады, өйткені тексеру күні мерзімінен өтіп кеткен есептеу аспаптары автоматты түрде қолданыстан шығарылады. Тексеру мерзімі бойынша ақпаратты 560-566 телефоны бойынша немесе аспап төлқұжатында анықтауға болады.
2.2. Төмендегі кез келген фирмаларға қоңырау шалыңыз:
Монтаждау ұйымдардың атауы |
Телефон |
«East Rich плюс» ЖШС |
51-61-25 8 705 505 73 32 |
Сіз белгілеген күні монтаждау ұйымының өкілі Сізге ыстық суды пайдалану мүмкіншілігін қалдыра отыра аспапты шешіп тексеруге алып кетеді.
Тексеруден кейін маман есептеу аспабын бұрыңғы жеріне орнатады, пломбалайды және тексеру туралы төлқұжат береді. Одан кейін өз алдына мәліметтерді “Ө ЖЖ” АҚ мен “Өскемен-Водоканал” МКҚ береді.
Тексерудің бағасы монтаждау ұйымымен бекітіледі.
№3-әдіс. Есептеу аспабын тұтынушы өзі шешіп және жеткізіп төгу станцияларында тексеру.
3.1. Есептеу аспабындағы пломбаны шешу үшін 560-566 телефоны бойынша “Ө ЖЖ” АҚ бақылаушысын шақырыңыз.
3.2. Аспапты шешіп аккредиттелген төгу станциясына апарыңыз. Тексерудің бағасы монтаждау ұйымымен бекітіледі.
3.3. Тексеруден кейін есептеу аспабын өз орнына орнатыңыз.
3.4. Пломбалау үшін 560-566 телефоны бойынша бақылаушыны шақыртыңыз.
Апат жағдайында немесе құбырларды жөндеу (ауыстыру) жұмыстары кезінде аспапты ауыстыруға пайдаланудан шығару.
№ 1 тәсіл. Ыстық суды есепке алу аспабын монтаждау ұйымымен шығару, кейіннен пломбалар орнатумен келесі ұйымдардың кез-келгені орындайды:
Ұйым | Телефон |
---|---|
ЖШС «НПО Движение» |
25-22-22 8 706 422 52 25 |
ЖШС Предприятие «ВТИ» | 26-58-70 |
ЖШС «Кузнецов и К» |
60-24-76 60-24-77 |
ЖШС «Служба сервиса Добрыня» | 24-39-87 |
ЖШС «East Rich плюс» |
51-61-25 8-705-505-73-32 |
ЖШС «Востокэнергосервис» |
77-25-11 52-09-90 |
МТК Сервисная служба (ИП Герасимов И. С.) | 54-11-11 |
ЖШС «ПМК «Добрыня» |
700-111 8-707-620-1212 8-776-620-1212 |
«Доступный сервис» ЖШС | 8-705-359-20-21 |
ТОО "ПромМетроСервис" |
23-11-18 23-10-14 8 705 417 57 03 |
Жұмыстар аяқталғаннан кейін осы ұйымның өкілі аспапқа пломбаны орнатады және шығару және пайдалануға беру актілерін «ӨЖЖ» АҚ береді.
№ 2 тәсіл. «ӨЖЖ» АҚ бақылаушысымен есептеу аспабын шығару, егер есепке алу аспабын ауыстыруды тұтынушы өз еркімен немесе жұмыс бойынша жөндеу (ауыстыру) құбырларды өндіретін болады немесе № 1 тәсілде көрсетілген арқылы кез келген монтаждау ұйымдары арқылы ауыстырғанда қолданылады.
Есепке алу аспабын пайдалануға енгізу және шығару үшін сізге 560-566 тел. арқылы тапсырысты рәсімдеу қажет. Бұл қызметтер тегін жүргізіледі.
№ 3 тәсіл. ПИК слесарімен есепке алу аспабын шығару, апатты ахуал немесе ПИК арқылы аспапты ауыстыру болған жағдайда пайдаланылады.
- ПИК слесарі тастайды есепке алу аспабының пломбасын шешеді және пәтер иесінің мекен-жайы, аты-жөнін, пломбаны алу күнін, барлық ыстық суды есепке алу аспаптарының тиісті нөмірлерін көрсете отырып акт жасайды. Актіге қатысушылардың бәрі, ПИК төрағасы қол қояды, және мөрмен куәландырылады.
- Актіні 3 күн ішінде «ӨЖЖ» АҚ Сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен беру қажет:
2.1 «ӨЖЖ» АҚ жеке қызмет көрсету Орталықтарына мекен-жайлар бойынша беру:
• М. Горький көшесі,61;
• Қазыбек би даңғылы, 1/2, 101 каб.;
• Шәкәрім даңғылы , 180, абоненттік бөлімі.
2.2 pribor.ukts@ukteplo.kz. электрондық поштасына сканерленген түрінде жіберу.
Есепке алу аспабын пайдалану шығару кезінде ыстық суды тұтыну үшін есептеу нормалар бойынша жүргізіледі.
Есептеу
Тіпті егер шығын жоқ болса да ыстық суды есепке алу аспабының көрсеткіштерін беру қажет.
Ыстық су үшін есептеу келесідей жүргізіледі:
- берілген көрсеткіштерге сәйкес;
- көрсеткіштер болмаған жағдайда - орташа шығыны бойынша, ол әрбір тұтынушы үшін жеке болып табылады;
- көрсеткіштер болмаған жағдайда және орта шығын бойынша есептеу үшін деректер болмаған жағдайда – ЫСҚ бір адамға айына алынатын нормативтік шығын бойынша.
Азаю жағына қарай бұрын есептелген көрсеткіштер бойынша ыстық суды қайта есептеу тек "ӨК ЖЖ" АҚ бақылаушысы бақылау көрсеткіштерін алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Бақылаушыны үйге шақыру үшін 560-566 телефоны арқылы алдын-ала тапсырыс беру керек.
пәтерден бір айдан астам мерзімге уақытша кетіп қалған жағдайда сізге белгілі бір кезеңге тұрмайтыны туралы өтініш жазу қажет мына мекен-жайға: М. Горький көшесі, 61-үй, немесе 560-566 телефон бойынша ыстық суға есептеу жүргізбеу үшін хабарлау қажет. Сапарға шығар алдында ыстық суды есепке алу аспабының кезеңаралық тексеру мерзімінің аяқталу мерзімін тексеру керек, және егер мерзімі аяқталып қалса, онда салыстырып тексеруді жүргізу қажет («Салыстырып тексеруді» қос. қараңыз).
Ыстық суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беру тәсілдері. Жеке тұлғалар.
Құрметті тұтынушылар! Біз Сізге ыңғайлы болу үшін көрсеткіштерді бір жерде берудің барлық тәсілдерін жинадық. Біздің Toplink-ке өтіп, өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз және https://taplink.cc/ukts__info батырмасын басыңыз:
БІРІНШІ ТӘСІЛ
Telegram - @UKTSbot чат-бот арқылы
ЕКІНШІ ТӘСІЛ
WhatsApp +7 747 427 40 22 нөмірі бойынша чат-бот арқылы
ҮШІНШІ ТӘСІЛ
«УКТС личный кабинет» мобильді қосымшасы арқылы GooglePlay және App Store-дан жүктеуге болады.
ТӨРТІНШІ ТӘСІЛ
Сіздің www.ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы.
БЕСІНШІ ТӘСІЛ
+7 702 224 24 80 нөмірлері бойынша СМС-хабарлама арқылы
Теру форматы: *дербес шот (тоғыз белгі-сандар) немесе мекенжай# ыстық суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштері №1# ыстық суды есепке алу құралының соңғы көрсеткіштері №2#.
АЛТЫНШЫ ТӘСІЛ
ukts.sms@mail.ru электрондық поштаға жіберіңіз Сіздің дербес шотыңыз, мекен-жайыңыз және ыстық суды есепке алу аспаптарының соңғы көрсеткіштері көрсетілген хатты жіберіңіз және берілген көрсеткіштерді ескере отырып, алдын ала есептеу бойынша ақпаратты e-mail-ге алыңыз.