Тариф (баға, алым мөлшерлемесі) – табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтері құнының ақшалай көрінісі, Өскемен қаласы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып табылады.
Құрметті тұтынушылар!
«Шыгыс Жылу» АҚ хабарлайды:
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 24.01.2025 жылғы № 16-НҚ бұйрығы негізінде 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін стратегиялық тауарлар – көмір және сатып алынатын жылу энергиясы бағасының өсуіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі - ЖЭЕА) бар болуына немесе болмауына байланысты мынадай тарифтер бекітілді:
Халыққа - 4 724,75 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 3 992,19 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда - 5 669,7 теңге/Гкал;
Бюджеттік ұйымдарға - 25 729,01 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 24 475,66 теңге / Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 38 593,52 теңге/Гкал;
Басқа тұтынушыларға - 13 366,62 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 12 892,56 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 17 376,61 теңге/Гкал.
Жалпы алаңның мөлшерін ескере отырып, жылу беруге жұмсалатын жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу аясында тұтынушылар – яғни, «Халық» санатына жататын жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінеді:
1 кіші топ - 100 м2кем емес жылытылатын ауданы бар жеке тұлғалар
|
ЖҮЕА бар тарифі, тенге/Гкал ҚҚС-сыз |
ЖҮЕА жоқ тарифі, тенге/Гкал ҚҚС-сыз |
Ескі / апатты үйлер тарифі, теңге / Гкал ҚҚС-сыз |
100м2 дейін |
3 992,19 |
5 669,70 |
4 724,75 |
2 кіші топ - 100 м2 астам және 200 м2 кем емес жылытылатын ауданы бар жеке тұлғалар
|
ЖҮЕА бар тарифі, тенге/Гкал ҚҚС-сыз |
ЖҮЕА жоқ тарифі, тенге/Гкал ҚҚС-сыз |
Ескі / апатты үйлер тарифі, теңге / Гкал ҚҚС-сыз |
Жалпы ауданнан алғандағы 100м2 |
3 992,19 |
5 669,70 |
4 724,75 |
100м2 астам |
4 391,41 |
6 236,67 |
5 197,23 |
3 кіші топ - 200 м2 астам жылытылатын ауданы бар жеке тұлғалар
. |
ЖҮЕА бар тарифі, тенге/Гкал ҚҚС-сыз |
ЖҮЕА жоқ тарифі, тенге/Гкал ҚҚС-сыз |
Ескі / апатты үйлер тарифі, теңге / Гкал ҚҚС-сыз |
Жалпы ауданнан алғандағы 100м2 |
3 992,19 |
5 669,70 |
4 724,75 |
Жалпы ауданнан алғандағы келесі 100м2 |
4 391,41 |
6 236,67 |
5 197,23 |
200 м2 астам |
7 925,74 |
7 925,74 |
7 925,74 |
Қосымша:
«Шығыс Жылу» АҚ-ның тұтынушылары үшін тұтыну нормалары
2024 жылғы 30 мамыр Шығыс қазақстан облысы әкімінің № 133 қаулысымен есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу беру және ыстық сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бекітілді.
Жылу беруге жылу энергиясын тұтыну нормасы - бұл үйге ортақ есептеу аспаптарымен жабдықталмаған 1 м2 үйді жылытуға тұтынушылар үшін қажетті бір айдағы жылу энергиясы санының орташаланған мөлшері, яғни есептеу құралдарынсыз көп пәтерлі үйлердің барлық санаттары үшін орташа норматив болып табылады.
Жылу беруге арналған норманың есебіне жылумен жабдықтауға арналған техникалық жобаларға сәйкес есептелген шарттық жүктеме бойынша жылу энергиясын есепке алу аспабы болмаған жағдайда есептеу жүргізілетін тұрғын үй - жайлардан басқа, жылу берілетін алаңға сауналар, бассейндер, шаруашылық құрылыстар және т.б. кіретін, жайлылығы жоғары коттедж үлгісіндегі жеке меншік үй құрылыстарын қоспағанда, үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен (бұдан әрі-ЖҮЕА, жылу есептеуіш) жарақтандырылмаған көп қабатты тұрғын үйлер мен жеке сектор үйлері кірді.
1 сызба
Есептік жылыту кезеңінің айы |
Жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормасы 1 м2 (1/12), Гкал |
Жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормасы 1 м2 (1/7), Гкал |
Сыртқы ауаның нормативтік температурасына байланысты жылыту кезеңінің айлары бойынша бөлінген 1 м2 жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормасы, Гкал |
1 |
2 |
3 |
4 |
Шілде |
0,018879 |
|
|
Тамыз |
0,018879 |
|
|
Қыркүйек |
0,018879 |
|
|
Қазан |
0,018879 |
0,032364 |
0,017892 |
Қараша |
0,018879 |
0,032364 |
0,030920 |
Желтоқсан |
0,018879 |
0,032364 |
0,041408 |
Қаңтар |
0,018879 |
0,032364 |
0,045753 |
Ақпан |
0,018879 |
0,032364 |
0,039940 |
Наурыз |
0,018879 |
0,032364 |
0,035273 |
Сәуір |
0,018879 |
0,032364 |
0,015361 |
Мамыр |
0,018879 |
|
|
Маусым |
0,018879 |
|
|
Жиыны: |
0,226547 |
0,226547 |
0,226547 |
1. 0,018879 Гкал/м2 – жылдың 12 айына тең үлестермен бөлумен жылу беруге жылу энергиясын тұтыну нормасы (1/12), (1-кестені, 2-бағанды қараңыз). Осы норманы пайдалану кезінде жыл бойы ай сайын тең үлестермен (шілдеден маусым айына дейін) жүргізіледі. Есептеудің бұл әдісі тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін қарастырылған, өйткені қала тұрғындары жыл бойы жалақы мен зейнетақыны біркелкі алады.
2. 0,032364 Гкал / м2 – жылу беру кезеңінің 7 айына тең үлестермен бөле отырып, 1 м2 үшін жылу беруге жылу энергиясын тұтыну нормасы (1/7), (1-кестені, 3-бағанды қараңыз). Осы норманы пайдалану кезінде жылыту үшін есептеу тек жылыту кезеңінің айларында тең үлестермен (қазаннан сәуірге дейін) жүргізіледі.
3. 1 м2 жылытуға жылу энергиясын тұтынудың ай сайынғы нормасы - 1 м2 үшін жылу беруге жылу энергиясын тұтыну нормасы жылу беру кезеңінің 7 айына тең үлестермен емес, тиісті айдың сыртқы ауа температурасына байланысты бөлінген (4-бағандағы 1-кестені қараңыз). Қазаннан сәуірге дейінгі жылу беру кезеңінің әр айының нормасы әртүрлі және тиісті айдың сыртқы ауаның нормативтік температурасына байланысты есептеледі. Осы норманы пайдаланған кезде жылу беру үшін есептеу тек жылу беру кезеңінің айларында ғана жүргізіледі. Жылу беру кезеңінің әр айында есептелген сомалар әртүрлі және сыртқы ауаның нормативтік температурасына байланысты. Жылу беру кезеңінің суық айларында, мысалы, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында жылу беру үшін есептелген сомалар ең жоғары болады, өйткені сыртқы температура төмен (суық), ал қазан, қараша, наурыз, сәуір сияқты жылы айларда есептелген сомалар ең аз болады, өйткені сыртқы температура жоғары (жылы) болады.
Аспапты есепке алу уақытша бұзылған жағдайда аспапты тұтыну болмаған айдың нормасы қолданылады.
Ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясын тұтыну нормасы - тұтыну нормасы бір адамға тәулігіне 105 л.болған кезде суық суды қажетті температураға дейін қыздыруға жұмсалған жылу энергиясының орташа мөлшері.
0,184 Гкал/ай*адам - айына бір адамға бекітілген ыстық сумен жабдықтауға орташаланған тұтыну нормасы. Ыстық сумен жабдықтау үшін есептеу осы қызметтің көрсетілуіне қарай жүргізіледі. Ыстық сумен жабдықтау маусымдық қызмет болып табылмайды, тәулік бойы, жыл бойы көзделеді.