10.08.2021
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 10-2 «Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында covid-19 коронавирустық инфекциясы ауруының таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысының шығуына және ШҚО-ның «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-на (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) 2021 жылғы 11 тамыздан бастап Ashyq өткізу жүйесі енгізілуде.Осыған байланысты, М.Горький көшесі, 61 мекен-жайы бойынша «ӨЖЖ» АҚ ғимаратына кедергісіз кіру үшін Ashyq қосымшасын пайдалану қажет. Ғимаратқа кірген кезде QR кодын сканерлеп, күзет қызметкеріне өз мәртебесін көрсету керек.
Жасыл және көк мәртебесі бар келушілерге кіруге рұқсат етіледі.
Сары немесе қызыл мәртебесі бар келушілерге кіруге тыйым салынады.
СОНДАЙ-АҚ, СІЗДЕН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАДА БОЛУДЫ, КЕМІНДЕ 2 МЕТР ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАУДЫ, КІРЕБЕРІСТЕ ҚОЛДЫ АНТИСЕПТИКПЕН ӨҢДЕУДІ СҰРАЙМЫЗ!