«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі- «ӨК ЖЖ» АҚ) 2020 ж. 20-шы сәуірден бастап Өскемен қаласында жылыту маусымы аяқталатынын хабарлайды.
Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап және оның ресми күші жойылғанға дейін «ӨК ЖЖ» АҚ бірінші рет қосылатын жеке меншік үй құрылыстарының шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және меншік иелерімен жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттарды қашықтықтан жасауды жүргізетін болады.
Құрметті тұтынушылар! Енді көрсеткіштерді беру бір қадамға жылдамырақ болады. Сіздер үшін whatsapp чат- ботын жасап шығардық. Уақытыңызды үнемдеп көрсеткіштерді беріңіз және төлем сомасын біліңіз. WA нөмірі: 8 707 150 99 41. Ол үшін келесі әрекетті орындаңыз: көрсетіштерді беру үшін #жеке шот; төлемді білу ?жеке шот тегі.
Құрметті тұтынушылар!!! Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты "Өскемен жылу жүйелері" АҚ, төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап оның ресми түрде күшінің жойылу кезеңіне дейін тексеру мерзімі өтіп кеткен есептеу аспаптарының көрсеткіштерін қабылдауды жалғастырады.
Құрметті тұтынушылар! «Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ukteplo.kz сайтында жеке шотыңызды білу мүмкіндігін іске асырғандығын хабарлайды. Ол үшін ақпаратты «Тұтынушыларға», «Шот бойынша ақпарат» қосымша парағында немесе келесі сілтемесі арқылы жүктеуге болады: https://ukteplo.kz/kz/consumers/
Құрметті тұтынушылар! 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстанның барлық аумағында коронавирустық инфекцияның таралуы қаупінен төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның мына мекенжайлар бойынша қызмет көрсету нүктелері: Шәкәрім даңғылы 180 («Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК), Қазыбек би даңғылы 1/2 («Шығысэнерготрейд» ЖШС) уақытша жабылады. Жылу энергиясымен жабдықтау қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша 700-202 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуларыңызды сұраймыз. Және Сізге біздің мобильді қосымшаны пайдалануды ұсынамыз, онда Сіз көрсеткіштерді бере аласыз, төлем сомасын біле аласыз, өзіңіздің есептік парақтарыңызды көре аласыз. Мобильді қосымшаны Play Маркет арқылы жүктеп алуға болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында, инфекциялық ауруларды тудырмау және таратпау мақсатында, сіздерден мүмкіндіктеріңізше «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның бөлімшелеріне келмеулеріңізді өтініп сұраймыз. Сіздерге мобильді қосымшаларды қолдануды ұсынамыз. Бұл жерде Сіздер есептеу көрсеткіштерін жіберіп, төлем салмасын өзініздің есеп түбіртегіңізден көре аласыз. Қосымшаны Play Market арқылы жуктеуге болады. Басқа сұрақтар бойынша 700-202 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласуларыңызды сұраймыз.