Бюджеттік ұйымдар үшін тариф

26.01.2021

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы хабарлайды:
 ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің (ШҚО бойынша ТМРКД) 26.01.2021 ж. № 13 - НҚ бұйрығы негізінде 2021 жылғы 01 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін стратегиялық тауарларға (жылу энергиясына және көмірге) бағалардың өсуіне байланысты бюджеттік ұйымдарға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі – ЖҮЕА) болуына немесе болмауына байланысты жылу энергиясына (ҚҚС-сыз) мынадай тарифтер бекітілді):
 - ЖҮЕА жоқ - 14 554,77 теңге/Гкал деңгейінде;
- ЖҮЕА орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ ескі үй-жайларда орналасқан - 9 703,18 теңге/Гкал;
- ЖҮЕА бар - 9 662,10 теңге / Гкал.

Басқа тұтынушылар – тұрғындар және заңды тұлғалар үшін тарифтер өзгеріссіз қалды.