Қайта есептеу

28.01.2021

Құрметті тұтынушылар! 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 "тарифтерді қалыптастыру қағидаларын" бекіту туралы бұйрығына сәйкес, 2020 жылғы желтоқсан айында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) 2020 жылғы күнтізбелік жылға, жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ қала тұрғындарына, көрсетілетін қызметтердің құнына қайта есептеу жүргізді.

 
Егер тұтынушы ескі үйде немесе ЖҮЕА орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ үйде тұрса:
2020 жылы сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қала тұрғындарына қайта есептеу сомасы пәтердің жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін 1 м2-ге 40,88 теңгені құрады.
Егер тұтынушы ЖҮЕА жоқ үйде тұратын болса:
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қала тұрғындарына қайта есептеу сомасы 2020 жылы жалпы алаңның 1 шаршы метрі үшін 1 м2-ге 49,06 теңгені құрады.

 
Қайта есептеудің жалпы құны пәтердің ауданына байланысты. Бұндай қайта есептеулерді «ӨЖЖ» АҚ күнтізбелік жыл аяқталғанда жыл сайын жүргізеді. Қайта есептеу құны 2020 жылғы желтоқсан айының есеп айыру парағының «Қайта есептеу» бағанында көрсетілген.
«ӨЖЖ» АҚ-на сыртқы ауаның нақты температурасын ШҚО бойынша «Қазгидромет» РМК ұсынады.