Жаңа Согра к., Радужный к. және Солнечный к. жылу жүйелерінің учаскелері жеке меншік үй құрылыстарының тұтынушыларына.

12.08.2021

2021 жылғы шілде  айында «Согра ЖЭО» ЖШС-нің жылу беру көзіне қосылған желілер учаскелерінде мердігер ұйым жүргізген сынақтар негізінде жылу шығындарын есептеу орындалды.
2020 жылғы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы маусымды қоса алғандағы кезең ішінде өз теңгерімінде Жаңа Согра к., Радужный к., Солнечный а. жылу жүйелері учаскелері бар жеке меншік үй құрылыстарының тұтынушыларына есептеу нәтижелері бойынша тұтынушының теңгеріміндегі жылу желілеріндегі ысыраптар бөлігінде азайту жағына қарай бұрын есептелген сомаларды қайта есептеу орындалды.
Есептеуді түзету 2021 жылғы шілдедегі есеп айырысу парақтарында «Қайта есептеу» бағанында көрсетіледі.
Барлық сұрақтар бойынша «ӨЖЖ» АҚ-ның Саll-орталығына 560-566 телефоны бойынша хабарласуға болады.