29.07.2021
Құрметті тұтынушылар!Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 24 шілдедегі № 10-1 "Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы» қаулысының шығуына және ШҚО-ның "қызыл аймаққа" кіруіне байланысты 2021 жылғы 30 шілдеден бастап М.Горький көшесі, 61 мекенжайында орналасқан Тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесіне өзгерістер енгізіледі.
Жұмыс күндері сағ. 8:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліссіз).
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
ШҚО бойынша карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты Сізден "Өскемен жылу желілері" АҚ-ның дербес қызмет көрсету орталығына және басқа бөлімдеріне келуді уақытша шектей тұруыңызды сұраймыз және "ӨЖЖ жеке кабинеті" мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз, оның ішінде аспаптардың көрсеткіштерін беру, төлем сомасын білу, өзіңіздің есептік парағыңызды жүктеу мүмкіндіктері берілген. Мобильді қосымшаны Play Market және App Store арқылы жүктеуге болады. Сондай-ақ, WhatsApp Чат-боты арқылы 8 707 150 99 41 нөмірі бойынша және Telegram UKTSbot көмегімен көрсеткіштерді беруге және төлем сомасын білуге болады.