Соңғы күндері әлеуметтік желілерде пәтердегі ішкі ауаның төмен температурасы жайлы жарияланымдар саны артып отыр. Жуық мерзімге ауа райының болжамы да қуанарлықтай емес.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы (әрі қарай «Ө ЖЖ» АҚ) тұрғындардың назарын келесі ақпаратқа аударады:
Құрметті Жаңа Согра к., Радужный а., Солнечный а., тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің пәтер иелері 2020 жылғы 07 желтоқсаннан бастап «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге жеке шарттар (бұдан әрі-шарт) жасасу рәсімін бастайды. Қосымша әрбір көп пәтерлі тұрғын үй бойынша кіреберістерде тұрғындарды шарт жасасуға шақыру туралы хабарландырулар болады.
Алда келе жатқан желтоқсан айының мерекелік күндеріне байланысты, Дербес қызмет көрсету орталығы және Сall орталықтың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз:
- 1 желтоқсан (сейсенбі) – демалыс күні;
- 16, 17, 18, 19 желтоқсан (сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі) – демалыс күндері;
- 20 желтоқсан- жұмыс күні.
Барлықтарыңызды алда келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз және есептеу аспаптарының көрсеткіштерін «УКТС Личный кабинет» мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болатындығын естеріңізге саламыз, Google Play Маркетте және App Store- да қол жетімді.
Құрметті тұтынушылар! Біз Сіздің уақытыңызды бағалаймыз және Сізге ыңғайлы уақытта қызметке жазылу мүмкіндігін ұсынамыз. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-да (бұдан әрі – «ӨК ЖЖ» АҚ) келу қажет болған жағдайда, әсіресе ҚР-дағы шектеу шаралары жағдайында, Сізге кезекті онлайн-брондау қызметін пайдалануды ұсынамыз. Бұл қызмет М.Горький көшесі, 61 мекен-жайы бойынша филиалға бару үшін алдын ала тіркелуді қарастырады. Бұл Сізге кезек күтпеуге және уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Кезекті брондау үшін сізге кәсіпорынның www.ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелу қажет, сосын «Кезекті брондау» қосымша бетіне басып, Өзіңізге ыңғайлы уақытты және алғыңыз келетін қызметтің атауын таңдаңыз. Содан кейін өз деректеріңізді енгізіңіз: аты-жөніңіз және телефон нөміріңіз, резервация расталғаннан кейін Сіз басып шығара алатын немесе e-mail-ге жібере алатын нөмірді аласыз. Брондаудан кейін Сізге:
- брондалған уақыт басталғанға дейін 5 минут бұрын келу;
- қызмет түріне байланысты өзімен бірге қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы және құқық белгілейтін құжаттардың қажетті түпнұсқалары болуы қажет;
- Сіз брондаған нөмірді Сіз қызмет көрсететін терезе нөмірі көрсетілетін электрондық кезек экранында бақылап отырыңыз.
Қазіргі уақытта медициналық маскада болу, кемінде 2 метр қашықтықты сақтау міндетті, кірген кезде қолды антисептикпен сүртіңіз.
Қосылу, барлық өткен жылдар сияқты, жылу тұтыну объектілерінің техникалық дайындығын ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.