Өтемақы тарифті төмендетпей қайтарылды.

08.09.2021

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы 2016-2020 жылдардағы бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын толық орындамау нәтижесінде алынған ҚҚС-мен өз тұтынушыларына 2 675 890,84 теңге мөлшерінде жүргізілген өтемақы туралы хабарлайды.

2 675 890 теңге мөлшеріндегі өтемақы сомасы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның  116 000 тұтынушылары арасында, оларды тұтынуға тепе-тең бөлінген және тарифті төмендету жолымен емес, 2021 жылғы тамызда бір реттік қайтарумен қайтарылған.

Әрбір тұтынушы қайтарудың нақты сомасын қайта есептеу бағанында тамыз айындағы өзінің есеп айырысу парағында көре алады.
Айыппұл сомасы ӘҚБК-не сәйкес бюджетке төленуге жатады және 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмей жүргізілетін болады.