Жаңалықтар

28.02.2022
Құрметті тұрғындар!

2022 жылғы 04 сәуірде сағат 15.00-де «Өскемен жылу желілері» АҚ-ының мәжіліс залында Өскемен қ., Самсоновка ауылының маңында орналасқан күл үйіндісінің әсеріне экологиялық рұқсат материалдары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтеді.
22.02.2022
Құрметті тұтынушылар! «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Сіздерге тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығының 2022 жылдың наурыз айына арналған жұмыс кестесі туралы хабарлайды:

6,7,8,13,20,21,22,23,27 - демалыс күндері;

Eсептеу құралдарының көрсеткіштерін беру үшін Google Play маркетінде және App Store-де, сондай-ақ Whats App +7 707 150 99 41 және UKTSbot Telegram-да қолжетімді «УК ТС Личный кабинет» мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз.
21.02.2022
«ӨСКЕМЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ»АҚ тұтынушылардың назарына жеткізеді,
ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің ҚР ҰЭМ 17.02.2022 ж. № 43-ОД бұйрығы негізінде 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін бюджеттік ұйымдарға арналған тарифтер
27.01.2022
Құрметті тұтынушылар! Қазыбек би ½ мекен-жайы бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орны 31.01.2022 жылдан бастап өз жұмысын қайта бастайтынын хабарлаймыз.
27.01.2022
Құрметті тұтынушылар!
Бағдарламаларды жаңарту бойынша техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты кәсіпорынның кассасы 2022 жылғы 27 қаңтар сағат 12.00-ден 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін жабық болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін төлемдерді қабылдау терминалдарын және интернет - банкинг қызметтерін пайдалануды ұсынамыз.
26.01.2022
«ӨСКЕМЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ» АҚ-ы тұтынушылардың назарына ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 10.01.2022 ж. № 4-НҚ бұйрығы негізінде 2022 жылғы 1 ақпаннан 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес өзгеріссіз, яғни 2021 жылғы деңгейде, яғни ЖҮЕА жоқ тұрғындар үшін тарифтер – 3621,74 тг/Гкал, ЖҮЕА бар тұрғындар үшін – 1822,82 тг/Гкал, ескі үйлерде тұратын тұрғындар үшін – 3018,12 тг/Гкал (ҚҚС есебінсіз)  қалдырылғанын жеткізеді.
07.12.2021

Алдағы желтоқсан айының мерекелеріне байланысты сіздерге тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығы мен Call center-нің жұмыс кестесі туралы хабарлаймыз:

16, 17, 18, 19 желтоқсан (бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) - демалыс күндері;

Сіздерді келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз және есептеу аспаптарының көрсеткіштерін беру үшін Google Play Маркетте  және App Store, сондай-ақ Whats App-та қол жетімді  «УКТС Личный кабинет» мобильді қосымшасын  және +7 707 150 99 41 UKTSbot Telegram-ды пайдалануды ұсынамыз.