Хабарлама

23.09.2022

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Техникалық іс-шараларды өткізу үшін 2022 жылғы 27 қыркүйекте сағат 00:00-ден 2022 жылғы 28 қыркүйекте сағат 19:00-ге дейін (Әуезов даңғылы бойындағы «BarBQ» маңы) беруші және кері құбыр желісі бойынша ТК-635-тен ТК-636-ға дейін ажырату жоспарлануда.
4 дана көлемінде диаметрі - 630 мм магистральдық құбырды кесу және 4 дана көлемінде диаметрі-600 мм компенсаторларды бөлшектеу - құрастыру, 8 дана көлемінде 100 мм-ден 200 мм-ге дейінгі әртүрлі диаметрдегі орамдық жылу желісінің тиек арматурасының ойықтарын бөлшектеу - құрастыру және басқа да жұмыстар жүргізілетін болады.
Сол жақ жағалау ауданының жылу желілерінің объектілері (ЖМК, Әуезов даңғылы) сөндіріледі, жылу шаруашылығына жауапты барлық тұлғаларға алдын ала хабарландырылды.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды, өйткені ыстық суды өшіру жылу беру маусымы кезеңінде магистральдық жылу желісінің сенімді және апатсыз жұмыс істеуі үшін техникалық қажеттілік болып табылады.