Хабарлама

18.10.2022

Құрметті Тұтынушылар, Біз Сіздерді «ӨЖЖ» АҚ қабырғасында көруге қуаныштымыз және өз қонақтарымыз бен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігіне қамқорлық жасаймыз. Сондықтан Сіздерге «ӨЖЖ» АҚ нысандарына келудың маңызды ережелерімен танысуды ұсынамыз.

Жазбаны толығымен көру үшін Карусельді айналдырыңыз

Маңызды! Келушілерге тыйым салынады:

- «ӨЖЖ» АҚ әкімшілігінің рұқсатынсыз суретке түсіру, бейне түсіру, аудиожазба жүргізуге;

- жануарлармен бірге нысанға келуге;

- Қызметтік үй-жайларға немесе «ӨЖЖ» АҚ-ның келушілер үшін жабық үй-жайларға кіруге;

- «ӨЖЖ» АҚ әкімшілігінің рұқсатынсыз табыс (косметика, өнімдер, кітаптар және т.б.) алу мақсатында тауарларды сатуды және таратуды жүзеге асыруға;

- «ӨЖЖ» АҚ қызметкерінің алдын ала келісімінсіз кез келген орнатылған немесе тасымалданатын жабдыққа жақындауға;

- «ӨЖЖ» АҚ ілеспе өкілінсіз өндірістік нысандарға баруға тыйым салынады! Нысанды аралау барлық қауіпсіздік шаралары мен белгіленген ескерту белгілерін сақтай отырып, қатаң түрде белгілі бір маршрут бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Сондай-ақ, нысанға барған кезде өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет екенін еске саламыз.

Жадынама ukteplo.kz сайтында қойындыда- компания -  кадрлық саясат, біздің @ukts_info профилімізде қолжетімді және «ӨЖЖ» АҚ нысандарына кірген кезде кез келген келуші үшін орналастырылған.