24.08.2023
Егер Сіз өнімді OLX сайты арқылы сататын болсаңыз, сатып алушы хабарласып, сілтеме бойынша өтуді, курьерлік жеткізу қызметі арқылы тапсырыс беруді ұсынса, сенбеңіз. Бұл интернет-алаяқтар, бұл сайтта мұндай қызмет түрлері жоқ.
15.08.2023
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін, атап айтқанда инвестициялық бағдарлама іс-шараларын орындау шеңберінде баспасөз турын өткізуді көздеп отыр.
26.06.2023
"ӨСКЕМЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ" АҚ
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 2023 жылғы 2 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 қаңтарға дейінгі 26.06.2023 ж. № 96- НҚ бұйрығы негізінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі - ЖҮЕА) болуына немесе болмауына байланысты "Өскемен жылу жүйелері" АҚ (бұдан әрі-"ӨЖЖ" АҚ) (ҚҚС-сыз) көрсететін жылу энергиясымен жабдықтауға мынадай сараланған тарифтер бекітілгенін тұтынушылардың назарына жеткізеді:

23.06.2023
Сіздерге қосымша есептеу аспаптарының көрсеткіштерін беру үшін Google Play Маркетте және App Store, сондай-ақ Whats App-та қол жетімді «УКТС Личный кабинет» мобильді қосымшасын және +7 747 427 40 22 UKTSbot Telegram-ды пайдалануды ұсынамыз және тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығының шілде айының жұмыс кестесі туралы хабарлаймыз
22.06.2023
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 170-171 бабтарына сәйкес «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2023 жылғы 8 маусымдағы № 05-23/35 Сенімхаттың күші жойылды деп хабарлайды.
14.06.2023
ҚР Президентінің электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын азайту және субъект жыл ішіндегі статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызмет көрсететін өңірде қызметкерлердің жалақысын орташа айлық жалақы деңгейінде ұстап тұру туралы тапсырмасын орындау мақсатында «ӨЖЖ» АҚ-ы тарифті ұлғайтуға өтінім дайындады.
05.06.2023
Экологтардың, табиғатты қорғаушылардың және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық мамандардың кәсіби мерекесі – Экологтар күні – Қазақстанда 5 маусымда атап өтіледі. Ол ресми түрде 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңымен құрылды.