17 сәуірде Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталады

15.04.2024

17 сәуірде Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталады. Жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/81-VIII «ШҚО-да жылу беру маусымын өткізу және дайындау қағидаларына» сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап етпейтін сыртқы ауаның оң орташа тәуліктік температурасының тұрақталуына байланысты қабылданды.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС (Жаңа Согра кенті), Геологиялық көшесі, 1/9 бағытындағы ОЖН №3 Қазандықтың жылу көздеріне қосылған тұтынушылардың өтініші бойынша төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жылу жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі:
- балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде есепке алу аспаптары жоқ мекемелерге - 24.05.2024 ж. дейін;
- жылыту жүйелерінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар, меншік нысандары әртүрлі жеке және заңды тұлғаларға - 24.05.2024 ж. дейін.
Тұтынушылар өз өтініштерін электронды түрде ukheatnets@ukteplo.kz. электрондық поштасына жолдай алады.

Әрбір тұтынушы өз өтінішінде міндетті түрде «төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жылыту жүйелерін пайдалануға келісемін» деп қосымша көрсетуі қажет. Сонымен қатар, тұтынушылар өтініштерін «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, М.Горький көшесі,61, Дербес қызмет көрсету орталығы мекенжайына өткізе алады, жұмыс кестесі сағат 08:00 – ден 18:00 – ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 09:00 – ден 14:00 – ге дейін, жексенбі күні – демалыс күні.

Тұтынушыларға қажетті сұрақтарды кәсіпорынның @ukts_info instagram парақшасында қоюға болады.