Жаңалықтар

08.07.2021
Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2021 жылғы 28 шілде сағат 15.00-де «ZOOM» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта өтетін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылғы 1-ші жарты жылдыққа арналған тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есепті өткізетіні туралы хабарлайды. Конференцияға қосылу үшін деректер:
конференция идентификаторы: 963 816 4339, кіру коды: 4339
21.06.2021
"Өскемен жылу жүйелері" АҚ-ның Жалғыз акционері 2021 жылғы 21 маусымда келесі Шешім қабылдады - "Өскемен жылу жүйелері" АҚ-ның аудиттелген қаржылық есептілік нәтижелерін ескере отырып: 1) 2020 жылға дивидендтер төлеуді жүргізбеу, 2) "Өскемен жылу жүйелері"АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы 2020 жылға дивиденд мөлшерін анықтамау.
04.06.2021
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі-«ӨЖЖ» АҚ)  2021 жылдың 7 маусымнан бастап «ӨЖЖ» АҚ  Қазыбек би даңғылы, 1/2  мекен - жайы бойынша өз жұмысын қайта бастайтынын хабарлайды. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 17:00 - ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін.
Есенберлин даңғылы,  13/7 мекенжайында орналасқан уақытша қызмет көрсету орны 2021 жылдың 7 маусымынан өз жұмысын тоқтатады.
28.05.2021
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес жобаларды енгізу шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерде жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарын (бұдан әрі - ЖҮЕА) орнату бойынша жұмыс жалғасуда.
ЖҮЕА орнату осындай үйлердің тұрғындарына жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер үшін төлемге шамамен 30-40% үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай үнемдеуге тұтынушылар нақты тұтынылған жылу үшін ғана ақы төлейтіндіктен қол жеткізіледі.
Біз Сіздер үшін арнайы қаламызды аспаптандыру туралы толық ақпаратты цифрлармен мысал келтіріп дайындадық және бір бөлмелі, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер бойынша үнемдеу мысалдарын келтірдік.
Сондай-ақ, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы қайтару негізінде (8 слайд) өз есебінен ЖҮЕА орнатуды ұсынады.
Толық ақпаратты, сілтемеге өту арқылы көре аласыз. ЖҮЕА орнатудың артықшылықтары
28.05.2021
ЖҮЕА ОРНАТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

         «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес жобаларды енгізу шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерде жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарын (бұдан әрі - ЖҮЕА) орнату бойынша жұмыс жалғасуда.
          ЖҮЕА орнату осындай үйлердің тұрғындарына жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер үшін төлемге шамамен 30-40% үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай үнемдеуге тұтынушылар нақты тұтынылған жылу үшін ғана ақы төлейтіндіктен қол жеткізіледі.
          Біз  Сіздер үшін арнайы қаламызды  аспаптандыру  туралы толық ақпаратты цифрлармен мысал келтіріп дайындадық және бір бөлмелі, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер бойынша үнемдеу мысалдарын келтірдік.
          Сондай-ақ, «Өскемен жылу жүйелері»  АҚ-ы қайтару негізінде (8 слайд) өз есебінен ЖҮЕА орнатуды ұсынады.
          Толық ақпаратты, сілтемеге өту арқылы көре аласыз.
https://ukteplo.kz/upload/%D1%83%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BA%D0%B0%20%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%B1%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B2%202021%20%D0%B1%D1%80%D0%B8%D1%84%D0%B8%D0%BD%D0%B3.ppt
19.05.2021
"Өскемен жылу жүйелері "АҚ (бұдан әрі -"ӨЖЖ" АҚ) 2021 жылдың 19 мамырынан бастап "ӨЖЖ" АҚ қызмет көрсету орыны Қазыбек би даңғылы, 1⁄2 мекенжайынан 19 ықшамауданы, Есенберлин даңғылы 13/7, 1-қабат, домофон-0 мекенжайына уақытша ауыстырылатынын хабарлайды
26.04.2021
«Өскемен жылу жүйелері»  АҚ (бұдан әрі- «ӨК ЖЖ» АҚ) 2021 ж. 27-ші сәуірден бастап Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталатын хабарлайды
Ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап етпейтін шектердегі сыртқы ауаның тұрақты жағымды орташа тәуліктік температурасының (+10 С° жоғары) қалыптасуына байланысты және Өскемен қаласы әкімі орынбасарының 26.04.2021 ж. ШН-4/336 хаты, «ӨЖЖ» АҚ-ның 26.04.2021 ж. № 248 бұйрығы негізінде «ӨЖЖ» АҚ жылу тұтыну нысандары үшін 2020-2021 жж. жылу беру маусымының аяқталуы туралы жариялайды.