Жаңалықтар

23.06.2023
Сіздерге қосымша есептеу аспаптарының көрсеткіштерін беру үшін Google Play Маркетте  және App Store, сондай-ақ Whats App-та қол жетімді  «УКТС Личный кабинет» мобильді қосымшасын  және +7 747 427 40 22 UKTSbot Telegram-ды пайдалануды ұсынамыз және тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығының шілде айының жұмыс кестесі туралы хабарлаймыз
22.06.2023
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 170-171 бабтарына сәйкес «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2023 жылғы 8 маусымдағы № 05-23/35 Сенімхаттың күші жойылды деп хабарлайды.
14.06.2023
ҚР Президентінің электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын азайту және субъект жыл ішіндегі статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызмет көрсететін өңірде қызметкерлердің жалақысын орташа айлық жалақы деңгейінде ұстап тұру туралы тапсырмасын орындау мақсатында «ӨЖЖ» АҚ-ы тарифті ұлғайтуға өтінім дайындады.
05.06.2023
Экологтардың, табиғатты қорғаушылардың және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық мамандардың кәсіби мерекесі – Экологтар күні – Қазақстанда 5 маусымда атап өтіледі. Ол ресми түрде 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңымен құрылды.
02.06.2023
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның Жалғыз акционері 2023 жылғы 26 мамырда келесі Шешім қабылдады – «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның аудиттелген қаржылық есептілік нәтижелерін ескере отырып: 1) 2022 жылға дивидендтер төлеуді жүргізбеу, 2) «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы 2022 жылға дивиденд мөлшерін анықтамау.
23.05.2023
Құрметті тұтынушылар!
Мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өз арасында цифрлық форматта жан-жақты әрекеттесуі басымдығын белгілейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» № 872 Жарлығын және цифрлық трансформация жөніндегі жалпы республикалық бағдарламаларды қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2023 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Горький көшесі, 61 мекенжайындағы басқарма ғимаратында орналасқан жеке кассаларды жабады.  
18.05.2023
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушыларға жылу энергиясы төлемақысын уақытында төлеу қажет екені туралы еске салады және 2023 жылғы 25 мамырдан бастап борышкерлердің пәтерлерінде ыстық суды өшіру рейдтерінің жүргізілуі басталатыны жөнінде  хабарлайды. Күтпеген қолайсыз жағдайдың туындауына жол бермеу үшін «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясы қарызын уақытында төлеуге кеңес береді.