Хабарлама

26.01.2023

Құрметті тұтынушылар!

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ хабарлайды:
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 26.01.2023 жылғы № 9 - НҚ бұйрығы негізінде 2023 жылғы 01 ақпаннан 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін стратегиялық тауарлар – көмір және жылу энергиясын сатып алу бағасының өсуіне байланысты жалпы үйдің есепке алу аспаптарының (бұдан әрі – ЖҮЕА) бар-жоғына байланысты жылу энергиясына мынадай тарифтер (ҚҚС-сыз) бекітілді:
бюджеттік ұйымдарға - 13 706,12 теңге/Гкал, оның ішінде ЖҮЕА-мен -13 651,69 теңге / Гкал,  ЖҮЕА-сыз-20 559,18 теңге/Гкал;
басқа тұтынушыларға -9 224,72 теңге / Гкал, оның ішінде ЖҮЕА-мен -9 117,91 теңге/Гкал, ЖҮЕА-сыз – 11 992,14 теңге / Гкал.