Хабарлама

20.01.2023

Құрметті тұтынушылар!
        2022 жылғы желтоқсанда «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»  2022 күнтізбелік жылға арналған бұйрығына сәйкес сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қызметтердің құнын қайта есептеді.  Қайта есептеу жергілікті атқарушы орган бекіткен жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну нормалары бойынша есептелетін есептеу аспаптары жоқ барлық тұтынушылар үшін жүргізілді.
        Егер тұтынушы ескі/апаттық үйлерде немесе ЖҮЕА орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ үйде тұрса:
2022 жылы сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метріне қала тұрғындарын орташа алғандағы қайта есептеу сомасы  1 м2 үшін 31,04 теңгені құрады.

       Егер тұтынушы ЖҮЕА-сыз үйде тұрса:
2022 жылғы сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метріне қала тұрғындарын орташа алғандағы қайта есептеу сомасы  1 м2 үшін 38,05 теңгені құрады.

        Қайта есептеудің жалпы сомасы пәтердің ауданына байланысты болады. Мұндай қайта есептеулерді «ӨЖЖ» АҚ жыл сайын әр күнтізбелік жылдың соңында жүргізеді. Қайта есептеу сомасы 2022 жылғы желтоқсандағы есеп айырысу парақтарында «Қайта есептеу» бағанында көрсетілген.  
      «ӨЖЖ» АҚ үшін сыртқы ауаның нақты температурасы туралы деректерді «Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалы ұсынады.