Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

18.08.2023

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі- «ӨЖЖ» АҚ) тарапынан кәсіпорында 2023 жылғы 17 тамызда құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында корпоративтік басқару стандарттары туралы семинар өткізілді. Мінез-құлық қағидаттары мен стандарттарын бұзуға, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты тәуекелдерді басқару үшін «ӨЖЖ» АҚ Іскерлік әдеп кодексі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты қолданысқа енгізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комплаенс-қызмет құрылды.

"Өскемен жылу желілері" АҚ 2023 жылғы 05 сәуірдегі №149 "Өскемен жылу желілері "АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығына сәйкес Қоғамда 2023 жылғы 20 мамырға дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.