14.04.2025
Құрметті "Шығыс Жылу" АҚ тұтынушылары!Сіз үшін үйден шықпай-ақ заңды тұлғалар ( жеке тұрған ғимараттар) үшін жылу тұтыну жүйелерін өшіруге өтініш берудің бірегей мүмкіндігі пайда болды! https://edoc.ukteplo.kz сілтемесіне өтіңіз және жаңа қызметті пайдаланыңыз.
Қызметті алу процесі бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады:
1. https://edoc.ukteplo.kz сілтемесі арқылы коммуналдық қызметтер орталығының порталына өту;
2. «Жылу тұтыну жүйелерін өшіруге өтінім (заңды тұлғалар үшін)» бойынша басу арқылы ақпаратпен алдын ала танысу;
3. ЭЦҚ немесе eGov.mobile мобильдік қосымшасы арқылы авторланған қызметке тапсырыс беру;
4. Барлық қажетті операцияларды кезең-кезеңімен орындай отырып, қызмет алуға өтінімді ресімдеу;
5. «Қызмет көрсету тарихындағы» жеке кабинетте өтінімді өңдеу мәртебесін қадағалау.
6. Өтінімді өңдегеннен кейін Сізге оның орындалу мәліметтері бар жауап жіберіледі.