22 сәуірде Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталады.

19.04.2025

Жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/81-VIII «ШҚО-да жылу беру маусымын өткізу және дайындау қағидаларына» сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап етпейтін сыртқы ауаның оң орташа тәуліктік температурасының тұрақталуына байланысты қабылданды. 
«Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС (Жаңа Согра кенті), Геологиялық көшесі, 1/9 бағытындағы ОЖП №3 Қазандықтың жылу көздеріне қосылған тұтынушылардың өтініші бойынша төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жылу жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі:
- балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде есепке алу аспаптары жоқ мекемелерге - 25.05.2025 ж. дейін;
- жылыту жүйелерінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар, меншік нысандары әртүрлі жеке және заңды тұлғаларға - 25.05.2025 ж. дейін;
- 25.05.2025 ж. дейін жылу жүйелерінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға;
- өтініштер https://edoc.ukteplo.kz коммуналдық қызметтер орталығы арқылы қабылданады. 
 
Әрбір тұтынушы өз өтінішінде міндетті түрде «төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жылу беру жүйелерін пайдалануға келісемін» деп қосымша көрсетуі қажет. Сонымен қатар, тұтынушылар өтініштерін «Шығыс Жылу» АҚ, М. Горький көшесі,61, Дербес қызмет көрсету орталығы мекенжайына өткізе алады, жұмыс кестесі сағат 08:00 – ден 18:00 – ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 09:00 – ден 14:00 – ге дейін, жексенбі күні – демалыс күні.

Тұтынушыларға қажетті сұрақтарды кәсіпорынның Instagram @ukts_info парақшасында қоюға болады.