Жаңалықтар

30.11.2020

Алда келе жатқан желтоқсан айының мерекелік күндеріне байланысты, Дербес қызмет көрсету орталығы және Сall орталықтың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз:

- 1 желтоқсан (сейсенбі) – демалыс күні;

- 16, 17, 18, 19 желтоқсан (сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі) – демалыс күндері;

- 20 желтоқсан- жұмыс күні.
Барлықтарыңызды алда келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз және есептеу аспаптарының көрсеткіштерін «УКТС Личный кабинет» мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болатындығын естеріңізге саламыз, Google Play Маркетте және App Store- да қол жетімді.

11.11.2020

Құрметті тұтынушылар! Біз Сіздің уақытыңызды бағалаймыз және Сізге ыңғайлы уақытта қызметке жазылу мүмкіндігін ұсынамыз. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-да (бұдан әрі – «ӨК ЖЖ» АҚ) келу қажет болған жағдайда, әсіресе ҚР-дағы шектеу шаралары жағдайында, Сізге кезекті онлайн-брондау қызметін пайдалануды ұсынамыз. Бұл қызмет М.Горький көшесі, 61 мекен-жайы бойынша филиалға бару үшін алдын ала тіркелуді қарастырады. Бұл Сізге кезек күтпеуге және уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Кезекті брондау үшін сізге кәсіпорынның www.ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелу қажет, сосын «Кезекті брондау» қосымша бетіне басып, Өзіңізге ыңғайлы уақытты және алғыңыз келетін қызметтің атауын таңдаңыз. Содан кейін өз деректеріңізді енгізіңіз: аты-жөніңіз және телефон нөміріңіз, резервация расталғаннан кейін Сіз басып шығара алатын немесе e-mail-ге жібере алатын нөмірді аласыз. Брондаудан кейін Сізге:
- брондалған уақыт басталғанға дейін 5 минут бұрын келу;
- қызмет түріне байланысты өзімен бірге қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы және құқық белгілейтін құжаттардың қажетті түпнұсқалары болуы қажет;
- Сіз брондаған нөмірді Сіз қызмет көрсететін терезе нөмірі көрсетілетін электрондық кезек экранында бақылап отырыңыз.
Қазіргі уақытта медициналық маскада болу, кемінде 2 метр қашықтықты сақтау міндетті, кірген кезде қолды антисептикпен сүртіңіз.

09.10.2020
Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және ыстық сумен жабдықтауды есептеу құралдарының көрсеткіштерін мерзімінде беру мақсатында "Өскемен жылу жүйелері" АҚ-ы iPhone ұстаушыларына арналған мобильді қосымшаны іске қосты.
05.10.2020
«Өскемен жылу жүйелері»  АҚ келесі жұмыс жобалары бойынша бейнеконференцбайланыс форматында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
24.09.2020
Жылыту маусымының басталуы 2020 жылдың 25 қыркүйегінен белгілі болды.
Қосылу, барлық өткен жылдар сияқты, жылу тұтыну объектілерінің техникалық дайындығын ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
21.09.2020
2020 жылдың 17 қыркүйегінде кәсіпорын аумағында, 2020 жылдың 8 айында ыстық сумен жабдықтау және жылыту қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметалардың орындалуы туралы баспасөз туры өтті. 
18.09.2020

"2020 жылдың қыркүйегінде "Өскемен жылу жүйелері" АҚ балансына Жаңа-Ахмер ауылындағы №105 қазандық берілді. Берілетін мүлік кешенінің құрамына мыналар кіреді: қазандық ғимараты, қосалқы жабдығы бар 6 қазандық агрегат, 5217 м.п. жылу желілері. Қазандықтың орнатылған қуаты 8,52 Гкал/сағ құрайды. Тұтынушылар саны: жеке тұлғалар- 922, заңды тұлғалар- 16.