Хабарлама

13.04.2022

2021-2022 жылғы жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылар, оның ішінде үйдің жылу энергиясын ортақ есептеу аспаптары бар көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұратын тұтынушылар жылыту кезеңін 2022 жылғы 25 мамырға дейін ұзарта алады.
Бұл үшін жылыту кезеңін ұзартуға жазбаша түрде өтініш жазып,  өтініште «жылыту жүйесінің төмендетілген гидравликалық өлшемдерде жұмыс істеуіне келісемін» деп көрсету қажет. Жылыту маусымын ұзарту туралы өтінішті электрондық пошта арқылы info.ukts@ukteplo.kz. электрондық мекенжайына жіберуге болады. Көп пәтерлі тұрғын үй үшін жылу беру маусымын ұзарту туралы өтінішті кондоминиум нысанын басқару органының (ӨСБ, ЖМ, ПИК) өкілі бере алады.
Жылыту кезеңін ұзартқан тұтынушылар кейіннен сыртқы ауа температурасына байланысты жылу тасымалдағыштың жылу беруін өз қалауы бойынша көбірек/азырақ етіп реттейді.