Хабарлама

17.03.2022

01.03.2022 жылдан бастап Өскемен қаласында коммуналдық төлемдер бойынша Бірыңғай Төлем Құжатын (БТҚ) қалыптастыру, басып шығару және жеткізу қызметімен «ЕРЦ-Восток» ЖШС бірыңғай есеп айырысу орталығы айналысады. Бірыңғай Төлем Құжатында (БТҚ) төлемнің үзілмелі бөлігі касса арқылы қолма-қол ақшамен төлеу үшін қайта беріледі.
Қазіргі уақытта БТҚ төлемін kaspi.kz қосымшасында БТҚ-да көрсетілген жеке кабинет арқылы төлеуге болады, сонымен қатар, абоненттер төлемақыны қызмет көрсетушінің жеке шот нөмірі арқылы қызмет көрсетушіге тікелей төлей алады.
БТҚ-ға қатысты барлық сұрақтар бойынша абоненттерге Жеке қызмет көрсету орталығында орналасқан «EРЦ-Vostok» ЖШС абоненттік бөліміне, М. Горький к., 61, тел. 701234, инстаграм аккаунты: erc.vostok байланыс мәліметтері бойынша жүгінуге болады.