Жаңалықтар

26.04.2021
«Өскемен жылу жүйелері»  АҚ (бұдан әрі- «ӨК ЖЖ» АҚ) 2021 ж. 27-ші сәуірден бастап Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталатын хабарлайды
Ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап етпейтін шектердегі сыртқы ауаның тұрақты жағымды орташа тәуліктік температурасының (+10 С° жоғары) қалыптасуына байланысты және Өскемен қаласы әкімі орынбасарының 26.04.2021 ж. ШН-4/336 хаты, «ӨЖЖ» АҚ-ның 26.04.2021 ж. № 248 бұйрығы негізінде «ӨЖЖ» АҚ жылу тұтыну нысандары үшін 2020-2021 жж. жылу беру маусымының аяқталуы туралы жариялайды.
22.04.2021
Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы «ШҚО, Өскемен қаласы, «ӨЖЖ» АҚ № 2 қазандығының күл үйіндісін кеңейту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізудің 2021 жылғы 27 сәуірден 2021 жылғы 26 мамырға сағат 15:00-ге ауыстырылғаны туралы хабарлайды, мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61 үй, 201 каб.
20.04.2021
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің (ШҚО бойынша ТМРКД) 28.12.2020 жылғы № 206-НҚ және 26.01.2021 жылғы №13-НҚ бұйрықтары негізінде Жаңа-Ахмер а., Жаңа Согра к., Радужный а., Солнечный а. орналасқан және тұратын тұтынушылардың назарына 2021 жылғы 1 мамырдан бастап жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне (ҚҚС-сыз) жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі-ЖҮЕА) болуына немесе болмауына байланысты жалпы қалалық тарифтер енгізілетінін қайта жеткізеді:

06.04.2021
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2021 жылғы 28 сәуірде сағат 15.00-де «ZOOM» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта өтетін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тарифтік сметаны және 2020 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау туралы жыл сайынғы есепті өткізетіні туралы хабарлайды. Конференцияға қосылу үшін деректер:
конференция идентификаторы: 963 816 4339
кіру коды: 123456
29.03.2021

         «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2021 жылғы 27 сәуірде сағат 15:00-де, мына мекен-жай бойынша: ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61 үй, 201 каб. «ШҚО, Өскемен қаласы, «ӨЖЖ» АҚ № 2 қазандығының күл үйіндісін кеңейту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

26.03.2021

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі-«ӨЖЖ» АҚ) тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2021 жылдың 29 наурызынан бастап «ӨЖЖ» АҚ Қазыбек би даңғылы, 1/2 мекен - жайы бойынша өз жұмысын қайта бастайтынын хабарлайды. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 17:00 - ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін.

28.01.2021

Өскемен қаласының тұрғындары үшін 2020 жылға отын құрамы бойынша қайта есептеу