НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

12.04.2019

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушылардың назарына, қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында халыққа және бизнеске ( инженерлік коммуникацияларды қосылуға техникалық жағдайларды беру) қызмет көрсететін ұлттық геоақпараттық жүйе және геоақпараттық парталдың құрылуы шеңберінде құрылған Өскемен қаласының инженерлік коммуникация және жер учаскелерінің электрондық картасының іске қосылуанына байланысты, құжаттарды қабылдау, тіркеу, тікелей қатынаусыз қолжетімділік жұмыс тәртібінде қызмет көрсету, электрондық цифралық қолтаңбаны пайдалану арқылы электронды түрде құжаттарды беруі туралы хабарлайды. «ӨЖЖ» АҚ тиесілі жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беруге өтінім беру рәсімін жүзеге асыру үшін өтініш беруші қажет:
1) Электронды түрде құжаттардың толық топтамасын дайындау (техникалық жағдайды алуға өтінім беру үшін қажет құжаттар тізімін https://ukteplo.kz сайтында Тұтынушылар, Кәсіпкерлер қосымша бетінде техникалық шарттардың берілу тәртібі туралы ақпаратты қарау);
2) https://ukteplo.kz сайтына кіру Блоктың басты парақшасының оң жағында көрсетілген - Геопортал Өскемен қ. – тура сілтеме http://oskemen.vkomap.kz:7232/GeoPortal;
3) өтініш берушіні сәйкестендіретін сұратылған деректерді толтыру, осы ақпараттық порталда жұмыс бойынша қоса берілген бейне ақпаратпен танысу, қажетті деректерді толтырып және тиісті құжаттарды қоса бере отырып, қадамдық іс-әрекеттерді орындау.
Нәтижесінде жылу жүйелеріне қосылуға техникалық шарттарды алуға электрондық өтінім алуға бағыт көрсетіледі.
"ӨЖЖ" АҚ 5 жұмыс күні ішінде өтінімді қарап, техникалық шарттарды немесе техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Тұтынушыларға қызмет көрсетуге ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету орындары ұйымдастырылған, олар Горький көшесі, 61 Дербес қызмет көрсету орталықта және Рабочая көшесі, 6/2 210-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан.