Жаңалықтар

15.07.2020
Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, коронавирус жұқпалы ауруының пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында, Сізден мүмкіндігінше «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның филиалдарына баруды тоқтатуды сұраймыз.

Сізге қашықтықтан қызмет көрсетуді, атап айтқанда:
- «УК ТС Личный кабинет» мобильді косымшасы;
www.ukteplo.kz сайты;
- сall-орталық 700-202 (8.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері);
- тәулік бойы дауыс поштасы 560-900;
info.ukts@ukteplo.kz электрондық поштасы;
- +7 777 535 52 69 немесе +7 702 224 24 80 нөмірлері бойынша СМС-хабарлама.

Сонымен қатар, жылу энергиясы үшін төлемді төлем терминалдары, банктік мобильдік қосымшалар арқылы, банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері арқылы жүргізуге болатынын еске саламыз.

Сізден келесі ережелерді сақтауды сұраймыз:
- ғимаратқа тек 2 адамнан қорғаныш маскаларымен кіруге;
- кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтауды.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ: 8.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі, жексенбі- демалыс күндері.

15.07.2020

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ Н. Назарбаев даңғылының жүру жолында орналасқан жылу камераларын жоспарлы жөндеуге байланысты 20.07.2020 ж. бастап 30.08.2020 ж. дейін Н.Назарбаев даңғылының 2-ден 14 үйге дейін автокөлік қозғалысы шектелетінін хабарлайды.

Жұмыс жасау барысында көлік қозғалысы Н. Назарбаев данғылының тақ санды жағымен ұйымдастырылатын болады. Сіздерден уақытша шектеулер мен қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

13.07.2020

"Өскемен жылу жүйелері" АҚ-ның жалғыз акционері 2019 жылға дивиденд төлеуді жүргізбеу, "Өскемен жылу жүйелері" АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы 2019 жылға дивиденд мөлшерін анықтамау туралы шешім қабылдады.

15.06.2020

«Өскемен Жылу жүйелері» АҚ қоймадан өз алып шығу арқылы ӨТЕУСІЗ:
ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҚТАРЫН ұсынады.
№2 қазандық, мекен- жайы: Сол жағалау, №7 участок
701-722, ішкі: 5516
8-777-981-26-81

15.06.2020

ҚР Президентінің 16.03.2020 ж. № 286 «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, 21.04.2020 ж. - 28.05.2020 ж. аралығында ақпараттық орталықтар немесе call-орталықтар арқылы өтініш берген белгілі санаттағы азаматтарға 2020 ж. сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтердің құнын өтеу есептелді.
Жылу энергиясы бойынша өтемақы құнының сомасы мамыр айындағы есеп айырысу парағында «мамыр айындағы төлем» бағанасында көрсетілген.
Жылу энергиясы үшін қызмет ақысын төлеу шотын кәсіпорынның www.ukteplo.kz «тұтынушыларға» қойындысында «шот бойынша ақпарат» сайтынан алуға болады.

29.05.2020

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 ж. № 285 Жарлығының 3-тармағының 5) тармақшасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Сіздердің назарларыңызға тұтынушылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың 2019 жылғы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қызметінің қорытындылары туралы есеп беру туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады:

21.05.2020

2013 жылдан бастап "ӨЖЖ" АҚ ПИК және ЖІК арасында өз ісінің үздігі атағына байқау өткізіп келеді.