ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 24.01.2025 жылғы № 16-НҚ бұйрығы негізінде 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін стратегиялық тауарлар – көмір және сатып алынатын жылу энергиясы бағасының өсуіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі - ЖЭЕА) бар болуына немесе болмауына байланысты мынадай тарифтер бекітілді:
Халыққа - 4 724,75 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 3 992,19 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда - 5 669,7 теңге/Гкал;
Бюджеттік ұйымдарға - 25 729,01 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 24 475,66 теңге / Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 38 593,52 теңге/Гкал;
Басқа тұтынушыларға - 13 366,62 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 12 892,56 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 17 376,61 теңге/Гкал.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.