Тендер нысанындағы сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыру

02.08.2023

1. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ келесі мүлікті сатуға арналған тендер нысанында сауда-саттық жариялайды:

 


р/н

Нысанның атауы

Сатудың ең төменгі бағасы, теңге

1

автомашина цистерна ЗИЛ-431412 КО-510 мем. № F065DN

667 000

2

Автотиегіш 4045Р

489 000

Борттық жартылай тіркегіш ОДАЗ-93571 П мем. № 4169FA

388 000

4

автокран МАЗ 5334 КС-3562Б мем.№ F324DK

1 799 000

5

Жеңіл автокөлік Сhevrolet Lacetti мем. №F 236VP

709 000

6

Жеңіл автокөлік Сhevrolet Lacetti мем. №F 237VP

705 000

 

7

Жеңіл автокөлік Сhevrolet Lacetti мем. №F 235PL

2 103 000

 

8

экскаватор ЭО-2621 мем. № ABD509F

1 376 000


 

2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу орны: Өскемен қ., Рабочая к-сі, 6/1, ЖПБ, № 1 каб. ғимараты. 2023 жылғы «04» қыркүйек сағат 16.00-ге дейін тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және 2023 жылғы "04" қыркүйек сағат 16.00-де аяқталады. Ұсыныстарды беру мерзімдерін бұзу мерзімін өткізіп алған адамды тендерге қатысушылар қатарынан шығаруға әкеп соғады.

3. Тендер өткізу күні, орны және уақыты: Өскемен қ., М. Горький к-сі, 61, конференц-зал «05» қыркүйек 2023ж. сағат 10.00.сағ.

4. Сауда-саттық нысаны мен әдісі – тендер, сату объектісін сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты Сатып алушы жабық конвертте береді;

5. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнасы лот сомасының 1%-ды құрайды және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ кассасына қолма-қол ақшамен жеке лотқа енгізіледі немесе «Өскемен жылу жүйелері» АҚ банктік шотында: ЖСК KZ4796504F0007334332 «Forte Bank» АҚ Өскемен қаласындағы филиалында БСК IRTYKZKA, БСН 970340000020 орналастырылады

Кепілдік жарнаны Сатушы мынандай жағдайда қайтармайды:

- Жеңімпазға - ол сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;

- Сатып алушыға - ол орындамаған немесе сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелер тиісінше орындамаған жағдайда.

6. Сатушының орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61, тел. / факс +7 (7232) 269543

7. Сату объектісі және тендер өткізу тәртібі туралы ақпарат алу тәсілдері: ақпаратты мына телефондар бойынша:701-722 іш.5430, 21-63-74 ӨЖЖ АҚ МжКҚ бастығы Н.Н.Светличныйдан алуға болады.

8. Сауда-саттықты өткізу тәртібі, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттықтың Жеңімпазын айқындау шарттары туралы: тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет:

- тендерге қатысуға өтінім. Өтінім нысанын 7-тармақта хабарламада көрсетілген тұлғадан алуға болады;

- төлқұжат немесе өзге де жеке басты куәландыратын құжат (ЖСН);

- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

 

- сату объектісін сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныс (жабық конвертте беріледі);

- кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжат;

- байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, эл. пошта).

Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары қосымша заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің немесе тіркелген заңды тұлға туралы анықтаманың (БСН) көшірмесін ұсынады.

Комиссия ұсынысы сату объектісі үшін ең жоғары бағаны қамтитын қатысушыны тендердің Жеңімпазы деп жариялайды. Егер екі және одан да көп қатысушылардың ұсыныстары бірдей бағаны қамтыса, онда өтінімі басқа қатысушылардың өтінімдерінен бұрын қабылданған, ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер шарттарын қанағаттандыратын қатысушы тендердің Жеңімпазы болып танылады. Комиссия тендерді коммерциялық ұсынысы бар конверттер ашылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылайды. Тендер нәтижелері тендер нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы және тендер аяқталғаннан кейін комиссияның барлық мүшелері және сауда-саттық өткізілетін күні Жеңімпаз қол қояды.

Тендер нәтижелері туралы хаттама тендер нәтижелерін және Жеңімпаз бен Сатушының сату объектісін сатып алу-сату шартын жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады. Жеңімпаз тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей сатып алу-сату шартын жасасуға міндетті.