Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға бірдей оқыту

18.08.2023

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі- «ӨЖЖ» АҚ) тарапынан кәсіпорында 2023 жылғы 17 тамызда құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында корпоративтік басқару стандарттары туралы семинар өткізілді. Мінез-құлық қағидаттары мен стандарттарын бұзуға, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты тәуекелдерді басқару үшін «ӨЖЖ» АҚ Іскерлік әдеп кодексі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты қолданысқа енгізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комплаенс-қызмет құрылды.

«ӨЖЖ» АҚ Іскерлік әдеп кодексін кез келген бұзушылық «ӨЖЖ» АҚ қызметі мен беделіне елеулі нұқсан келтіруі мүмкін. «ӨЖЖ» АҚ имиджі әрбір қызметкерден басталады және әрбір қызметкердің бойынан көрінеді. «ӨЖЖ» АҚ міндеті – ол жылу энергиясының тұтынушылары, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында және өзара қарым-қатынаста әдептің жоғары стандарттарын көрсету және сыбайлас жемқорлықтан бас тарту болып табылады.

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен байланысты бұзушылықтар туындаған жағдайда «ӨЖЖ» АҚ қызметкерлері заң бөліміне немесе персоналды басқару қызметіне жүктелген комплаенс қызметіне жүгіне алады. Мысалы, бұзушылықтар сыбайлас жемқорлық мәселелерін, бухгалтерлік есепті бұзу, тең емес еңбек жағдайлары, қоршаған орта қауіпсіздігіне және адам денсаулығына төнген қауіп-қатер, ішкі ақпараттың сыртқа таралуы мәселелерін қамтуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай бұзушылықтарға қатысты жүзеге асырылатын алаңдаушылық адал оймен, әрі игі іспен танылғаны өте маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, «ӨЖЖ» АҚ қызметкерлері мүдделер қақтығысына әкеп соқтыратын қызметке қатыспауы тиіс.

Комплаенс қызметінің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын белгілеу, сондай-ақ, «ӨЖЖ» АҚ ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау болып табылады.