Жылу желілеріне қосылуға техникалық шарттар алуға тілек білдірген тұтынушылардың назарына!

23.04.2020

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі- «ӨК ЖЖ» АҚ) Сіздерді бүгінгі күні «ӨК ЖЭО» ЖШС (Үлбі, Октябрь ауданы, ЖМК ш/а.) №2 Қазандық (ЖМК ш/а., Куленов к., Үлбі к., және 19 т.а.) және №6, №7 қазандықтары (Меновное к.).жылу көздерінен жылу энергиясы тапшылығының негізінде техникалық шарттарды (бұдан әрі ТШ) беру тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Қосылған жүктемені және берілген техникалық шарттарды ескере отырып, жылу көздері қуатының тапшылығы 30.03.2020 жылға -168,112 Гкал/сағатты құрайды.ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабы 12-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, энергия беруші ұйым «ӨК ЖЖ» АҚ реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттардың, қолданыстағы жабдықтың еркін резервінің болмауына байланысты ТШ беруден бас тартуға құқылы.Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 2-бөлімінің 6-тармағына сәйкес энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес тұтынушыға сапалы жылу энергиясын қамтамасыз етуге техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу жүзеге асырылмайды.
Кеңес алу үшін мына 8 (7232) 701-535 телефон арқылы алуға болады.


.