ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУ!!!

05.09.2019

«ӨК ЖЭО» ЖШС-нің жылу көзіне қосылған барлық тұтынушылар, 2019 жылғы қыркүйектің 1-нен бастап,  келесі талаптарды орындаған жағдайда, қалаған күні ішкі жылыту жүйелеріне қосыла алады:

Көп пәтерлі тұрғын үйлер бойынша:

- жылуды қабылдауға техникалық мүмкіндіктің болуы; 

- жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспабының жұмыс істеуі қалпында болуы; 

-жылу шаруашылығына жауапты тұлғалардың берген техникалық дайындық актісінің көшірмесімен жылу энергиясын төмендетілген (жазғы) көрсеткіштермен қабылдауға ПИК –тің (ЖІК) жылу жүйесін қосуға жазбаша өтініші;

-үй тұрғындарының 90%-нан кем емес жылумен қамтамасыз етуге қарыздың болмауы.

ПИК–нің (ЖІК) қосылуға өтінішті (техникалық дайындық актісінің көшірмесімен) жазбаша түрде М.Горький к-сі, 61 мекенжайы бойынша Дербес қызмет көрсету орталығында қабылданады, жұмыс күндері: 8.00 ден 18.00 дейін, үзіліссіз, сенбі: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліссіз, демалыс күні – жексенбі.

Жеке меншік сектор және заңды тұлғалар бойынша:

- жылумен қамтамасыз етуге шарттың болуы;

- жылуды қабылдауға техникалық дайындықтың болуы;

- жылыту маусымына  жылу энергиясын есептеу аспабын пайдалануға рұқсат актісінің болуы;

- жылу энергиясын төмендетілген (жазғы) параметрлармен қабылдауға келісім; 

- жылумен қамтамасыз етуге қарыздың болмауы.

Жеке меншік секторы мен заңды тұлғалар қосылуға өтінішті Саll-орталықтың 700-202 телефоны бойынша (8.00-ден 19.00-ге, сенбі 9.00-ден 14.30-ға  дейін, жексенбі демалыс) немесе жазбаша түрде М.Горький к-сі, 61 мекенжайы бойынша  Дербес қызмет көрсету орталығында жұмыс күндері өтінім бере алады: 8.00 ден 18.00 дейін, үзіліссіз, сенбі: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, үзіліссіз, демалыс – жексенбі.

Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ объектілер үшін жылыту кезеңінің басталуы орташа тәуліктік сыртқы ауа температурасына және ұзақ мерзімді болжамға байланысты болады. Орташа тәуліктік температура + 100 С төмендеуі тұрақтанса, қала әкімшілігі ақпараттарды талдау арқылы жылыту маусымының басталуы туралы шешім қабылдап, "Өскемен жылу жүйелері" АҚ жылыту маусымының басталуы туралы бұйрық шығарады. Содан соң, техникалық дайындығы бар барлық тұтынушыларды қосуға автаматты түрде қосылу кезеңіне кесте қалыптасады. Мекен-жай бойынша қосылуды www.ukteplo.kz сайтында қырқүйек айының соңында көруге болады.