ЖҮЕА ОРНАТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

28.05.2021

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес жобаларды енгізу шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерде жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарын (бұдан әрі - ЖҮЕА) орнату бойынша жұмыс жалғасуда.
ЖҮЕА орнату осындай үйлердің тұрғындарына жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер үшін төлемге шамамен 30-40% үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай үнемдеуге тұтынушылар нақты тұтынылған жылу үшін ғана ақы төлейтіндіктен қол жеткізіледі.
Біз Сіздер үшін арнайы қаламызды аспаптандыру туралы толық ақпаратты цифрлармен мысал келтіріп дайындадық және бір бөлмелі, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер бойынша үнемдеу мысалдарын келтірдік.
Сондай-ақ, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы қайтару негізінде (8 слайд) өз есебінен ЖҮЕА орнатуды ұсынады.
Толық ақпаратты, сілтемеге өту арқылы көре аласыз. ЖҮЕА орнатудың артықшылықтары