ЖӨӨБК, ПИК және тұтынушылар назарына!!!

06.06.2017

- ПИК, КДМ «ӨЖЖ» АҚ жылу жүйелерінің жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы телефонхат келіп түскенде кіреберістерге хабарландыру ілу жолымен жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстарының мерзімі туралы тұрғындарды хабарландыру жасау ұсынылады, сонымен қатар, ЫСЖ бір құбырда қалатынын және ыстық сумен қамту қызметін пайдалану төмендетілген параметрлерде мүмкін екенін (егер телефонхатта көрсетілген болса) хабарлау қажет, циркуляциялық жүйесі бар үйлерде ЫСҚ тұйық жүйеге ауыстырылады, мұндай жағдайда ыстық су салқындап кетуі мүмкін. 

- егер тұрғындар осы кезеңде тұйық жүйе бойынша ЫСҚ пайдаланғысы келмесе, «ӨЖЖ» АҚ   КДМ және ПИК өкілдеріне      77-36-52 диспетчерлік  қызметтің телефон нөмірі бойынша телефонхат жолдап, Сіздің учаскеңіздегі магистральды және кварталды жылу жүйелерінің 2017-2018 ж.ж. жылыту кезеңіне дайындық бойынша жөндеу жұмыстары кезеңінде үйлерде ыстық суды толық өшіруге хабарлауы тиіс.  Үйлерге ыстық суды беру күні болып «ӨЖЖ» АҚ телефонхатында көрсетілген жөндеу жұмыстарында көрсетілген мерзіміне сәйкес учаскедегі жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстарының  аяқталу күні  саналады.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша тұтынушылар хабарласқан жағдайда «ӨЖЖ» АҚ қызметкерлері аталған түсініктемені ұсынады.