ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!

11.11.2020

Құрметті тұтынушылар! Біз Сіздің уақытыңызды бағалаймыз және Сізге ыңғайлы уақытта қызметке жазылу мүмкіндігін ұсынамыз. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-да (бұдан әрі – «ӨК ЖЖ» АҚ) келу қажет болған жағдайда, әсіресе ҚР-дағы шектеу шаралары жағдайында, Сізге кезекті онлайн-брондау қызметін пайдалануды ұсынамыз. Бұл қызмет М.Горький көшесі, 61 мекен-жайы бойынша филиалға бару үшін алдын ала тіркелуді қарастырады. Бұл Сізге кезек күтпеуге және уақытыңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Кезекті брондау үшін сізге кәсіпорынның www.ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелу қажет, сосын «Кезекті брондау» қосымша бетіне басып, Өзіңізге ыңғайлы уақытты және алғыңыз келетін қызметтің атауын таңдаңыз. Содан кейін өз деректеріңізді енгізіңіз: аты-жөніңіз және телефон нөміріңіз, резервация расталғаннан кейін Сіз басып шығара алатын немесе e-mail-ге жібере алатын нөмірді аласыз. Брондаудан кейін Сізге:
- брондалған уақыт басталғанға дейін 5 минут бұрын келу;
- қызмет түріне байланысты өзімен бірге қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы және құқық белгілейтін құжаттардың қажетті түпнұсқалары болуы қажет;
- Сіз брондаған нөмірді Сіз қызмет көрсететін терезе нөмірі көрсетілетін электрондық кезек экранында бақылап отырыңыз.
Қазіргі уақытта медициналық маскада болу, кемінде 2 метр қашықтықты сақтау міндетті, кірген кезде қолды антисептикпен сүртіңіз.