31.07.2026
Тарихи жеңіспен құттықтаймыз!
Әріптесіміз Наталья Проходованы ұлы Кирилл Проходовтың айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет тарихта әлем чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды.
Чемпион атанған команданың құрамында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті. Финалда қазақстандық спортшылар Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының алтын жүлдесіне қол жеткізді.
Чемпиондық жолында Қазақстан құрамасы Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңіп шықты.
Бұл жеңіс қазақстандық семсерлесу спорты тарихындағы маңызды белеске айналып, спортшыларымыздың жоғары шеберлігі мен жеңіске деген жігерінің жарқын дәлелі болды.
Натальяны және Кириллді осы тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, толайым табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер!


















