Тарифты өзгерту туралы

15.05.2017

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 26.04.2017 ж. № 83 – НҚ 18.12.2015 ж. бұйрығы негізінде 2017 жылдың 1-ші маусымынан баста төтенше реттеуші шара ретінде тұтынушылар және басқа бюджеттік ұйымдар санаттары үшін жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтерінің тарифі өсті және ол 5 875,32 тг/Гкал (тарифтер ҚҚС-сыз көрсетілген) құрайтынын тұтынушылардың назарына жеткізеді.

Бұл ретте, сараланған тарифтердің шекті деңгейінің прейскурантына сәйкес, ТМРжБҚ ШҚО бойынша Департаментінің 26.04.2017ж. № 84-НҚ бұйрығымен бекітілген жалпы үйдің жылу есептеу аспабының (ЖЖЕА) болуы немесе болмауына қарай:

  • ЖЖЕА жоқ бюджеттік ұйымдар үшін тариф 8 812,98 тг/Гкал мөлшерінде бекітілді;
  • ЖЖЕА бар болса – 4 783,5 тг/Гкал; ЖЖЕА орнатуға мүмкіндіктері жоқ тозған үйлерде тұратындар үшін - 5 875,32 тг/Гкал; ЖЖЕА жоқ өзге тұтынушылар үшін тариф 8 812,98 тг/Гкал құрайды;
  • ЖЖЕА бар болса – 4 740,68 тг/Гкал; орнатуға мүмкіндіктері жоқ тозған үйлерде тұратындар үшін - 5 875,32 тг/Гкал.

ЖЖЕА бар үйлерде тұратын жеке тұлғалар үшін тариф 10% төмендеген және 1815,17 тг/Гкал құрайды. ЖЖЕА орнатылмаған немесе орнатуға мүмкіндіктері жоқ тозған үйлерде тұратындар үшін жылуға және ыстық сумен қамтамасыз ету қызметі үшін ақы төлеу 01.01.2017 ж. бастап өзгеріссіз қалды.

Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз