Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау туралы алдын-ала хабарлау

17.06.2026

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік Қағидаларының 22-тармағына сәйкес «Шығыс Жылу» АҚ-да 2026 жылғы 24 маусымда «Шығыс Жылу» АҚ-ның қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.
Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатысуға және өз ұсыныстары мен ескертулерін жіберуге құқылы.
Қосымша ақпарат алу және қолда бар мәселелерді талқылау үшін malika.galimzhanova@ukteplo.kz электрондық пошта арқылы немесе:
8 (7232) 70-15-22, ішкі 5355;
8 705 415 48 16  телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Байланысушы тұлға: Комплаенс-офицер М. А. Галимжанова

Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз